Ерлікке тағзым

Screenshot_7.png

Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығы және «Шығармашыл жастар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ерлікке тағзым» атты кездесу өтті.

Шараның мақсаты ерлікке тағзым жасау әрбір азаматтың қасиетті борышы. Осынау кең байтақ жерді дұшпанның көзінен, жаудың бөзінен бекер сақтап қалған емес, келешек ұл-қыздары үшін аманаттап қалды. Олардың ерлігін айтып, ата-бабамыздың батырлық болмысын есте ұстап, онымен мақтану – кез келген ұрпақтың парызы. Бабаның ерлігі ұрпаққа рух береді. 

Кездесу тыл ардагері, Шымкент қаласының құрметті азаматы, Арыс қаласының құрметті азаматы, ақсақал  Медеуов Шерім  және Орталық Азия инновациялық университеті және Жол көлік колледжі студент жастарының қатысуымен өтті. "Әр халықтың, әр адамның қасиетті борышы - Отаны үшін жанын пида қылған азаматтарды мәңгі есте сақтап, құрметтеу. Менің замандастарымның ерлігі мәңгілікке өшпей, келер ұрапқтың жадында сақталса деймін. Құдайға шүкір, соғыссыз, бейбіт заманға ғұмыр кешіп жатқан бүгінгі ұрпақ бақытты",- дейді ақсақал Шерім. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Ерлікке тағзым
Кейінгі: Көптеген