Кітап көрмесі өтті

Screenshot_6.png

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Жұлдызды 30 күн» іс-шаралар жоспарына сәйкес үшінші мегаполистегі «Мирас» колледжі мекемесінде кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздікке 30 жыл» тақырыбында кітап көрмесі өтті. 

Көрменің мақсаты: кітап оқуды насихаттау, жастар арасында оқуға деген қызығушылықты арттыру, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына ықпал ету.

Кітап көрмесінде Тәуелсіздік жылдары жайлы жаңадан шыққан кітаптармен де таныстырып өтті.

"Осы күнге жеткен жолымыз тұнған тарих. Сол тарих парақтарынан бүгінгі ұрпақты білім мен тағылымның нәрінен сусындату біздің мақсатымыз. Сол ұрпаққа егеменді тарихымызды насихаттау парызымыз деп Президентіміз өзінің мақаласында да атап өтті. Оны жүзеге асырушы бірден-бір мекеме білім мен руханияттың шаңырағы кітапхана десек, артық айтқандық емес. Тәуелсіздігіміздің 30ижылдық мерейтойын атап өткелі отырған елдің тұрғындары жүріп өткен жолымыз туралы білулері керек. Көрмеде тек 30 жылдағы жетістіктеріміз емес, сонау Түрік қағанатынан бастау алған тарихымыз жайлы сыр шертетін туындылар да қойылды",- дейді кітапханашы Г.Төребекова. 

Шара барысында қатысушылар кітаптармен танысып, түрлі сұрақтарға жауап берді.  


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Кітап көрмесі өтті
Кейінгі: Көптеген