Тырысқақ ауруының алдын алу


Тырысқақ (холера) – аса қауіпті жұқпалы ауру, ол ауыр ішек инфекциясын тудырып, ағзаны сусыздандыруы мүмкін. Бұл ауру негізінен Vibrio cholerae бактериясы арқылы таралады және дұрыс алдын алу шаралары сақталмаса, жылдам өршуі мүмкін.

Тырысқақтың берілу жолдары

          -         Ластанған су мен тағам арқылы

          -         Жеке бас гигиенасын сақтамау

          -         Ауру адаммен немесе тасымалдаушымен байланыс

          -         Ластанған қолдар арқылы

Аурудың белгілері

          -         Кенеттен басталатын қатты іш өту

          -         Қайталамалы құсу

          -         Қатты шөлдеу және әлсіздік

          -         Бұлшық ет құрысулары

          -         Қан қысымының төмендеуі

Тырысқақ сусыздануға әкеліп, тез арада медициналық көмек көрсетілмесе, өмірге қауіп төндіруі мүмкін.

Алдын алу шаралары

1.Таза су тұтыну:

          -         Қайнаған немесе тазартылған суды ішу

          -         Бөтелкедегі немесе арнайы сүзгіден өткен суды қолдану

          -         Ағын суды қолданар алдында қайнату немесе арнайы залалсыздандырғыш құралдармен тазарту

2. Жеке гигиенаны сақтау

          -         Қолды сабынмен жиі жуу (әсіресе, тамақ ішер алдында және дәретханадан кейін)

          -         Антисептикалық құралдарды пайдалану

3. Тағам гигиенасы

          -         Тек жақсы пісірілген тамақты жеу

          -         Көшедегі белгісіз тағамдардан бас тарту

          -         Жеміс-жидек пен көкөністерді мұқият жуу

4. Қоғамдық гигиена

          -         Қоқысты дұрыс жою

          -         Су көздерін ластамау

          -         Дәретханаларды таза ұстау

Тырысқақ – қауіпті, бірақ алдын алуға болатын ауру. Су мен тағам қауіпсіздігіне мән беру, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау арқылы бұл инфекцияның таралуын болдырмауға болады. Егер ауру белгілері байқалса, дереу дәрігерге жүгіну қажет.

Г.Тулкибаева

Тұран ауданы СЭББ бас маманы

 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Тырысқақ ауруының алдын алу