Кітап - тәрбие құралы

Screenshot_8.png

2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы деп жарияланған болатын. Осы орайда Шымкент қаласы

Абай ауданы жастар ресурстық орталығы және "Энергетика және байланыс колледжінің" ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, "Жұлдызды 30 күн" жоспары аясында "Кітап - асыл казына" атты танымдық кеш өтті.

Аталмыш кештің мақсаты кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру; мәдениетті, парасатты, рухани ойлауы терең, ар - ожданы мол еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу; кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу. 

«Кітап – адамның ішкі мәдениетін, рухын, ұлтжандылықты қалыптастыратын негізгі құрал. Еліміздің дамуы мен келешегі балалар мен жасөспірімдердің білімді әрі рухани дамыған ұрпақтың еншісінде. Осыған орай кітап оқу үрдісін жаңғырту, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға тәрбиелеу біздің парызымыз",- дейді ұйымдастырушылар.  

Шара барысында жастарды кітап оқу үлкен қазына екенін айтып, кітап оқуға шақыра отырып,  Абайдың қара сөздеріне тоқталып мән-мағынасы бойынша ой - пікірлерін ортаға салды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстанда 258 балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жұмыс істейді. Оның 241-і балаларға, 11-і жастарға, алтауы балалар мен жасөспірімдерге арналған.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Кітап - тәрбие құралы
Кейінгі: Көптеген