Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
Сыбайлас жемқорлық – тек экономикалық қана емес, қоғамның әлеуметтік жағдайына да теріс әсерін тигізетін күрделі проблема. Денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлықтың орын алуы халықтың денсаулығына қауіп төндіріп, медициналық қызметтердің сапасына және қызметкерлердің кәсіби этикасы мен жауапкершілігіне кері әсер етеді. Сондықтан санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті үшін бұл мәселе аса маңызды. Өйткені санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың сапасы халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жақсаруына, қоғамның денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты.
Қазіргі уақытта санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін бірнеше маңызды шараларды жүзеге асырады:
1. Департамент мемлекеттік қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бұл шаралардың мақсаты – әрбір қызметкердің өз құқықтарын білуі және заңсыз әрекеттерге бармауы үшін ақпараттандыруды арттыру.
2. Санитариялық талаптардың орындалуы бақылау кезінде, құқықбұзушылықтарды анықтау және олардың уақытында түзету үшін бақылау күшейтіледі. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықты төмендетуді азайту үшін түрлі мониторинг бағдарламалары қолданылады.
3. Департамент қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықпен күресуді тек заңдық қана емес, моральдық тұрғыдан да маңызды деп түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Этикалық нормалар мен корпоративтік мәдениет қалыптастыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бағытталған.
Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін үнемі жаңа стратегиялар мен технологияларды енгізуде. Бұл шаралар денсаулық сақтау саласындағы ашықтықты және әділдікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Қоғамдағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жалғасып, қоғамның барлық салаларында тиімді бақылау жүйелері іске асырылса, Қазақстандаға денсаулық сақтау жүйесі әледік деңгейде сенімді әрі сапалы болады.
Б.ТҰРСЫНБЕК,
Шымкент қалалық СЭБД,
Ішкі қауіпсіздік бөлімінің бас маманы
