Вирусты гепатит

гепатит.jpg

Вирусты гепатит – халық арасында сары ауру деген атпен кең тараған дерт. Вирусты гепатит ауруының негізінен жиі кездесетін түрлері «А» және «В».

«А» вирусты гепатиті мынандай жолдармен жұғады:

1.Тұрмыстық – қарым-қатынас жолдары – кір қолдар, ыдыстар, ойыншықтар,тұрмыстық заттар арқылы жеке гигиеналық ережені сақтамағанда.

2. Су арқылы, яғни ластанған су қоймаларында шомылғанда, абайсызда залалсыздандырылмаған суды жұтып қойғанда немесе тұтынғанда.

3. Тағамдық жолы: жуылмаған  көкөніс, жеміс-жидектерді тұтынғанда.

«В» вирусты гепатитінің жұғу жолдары: қан тамыры арқылы жұғу, яғни зақымдалған қан мен оның препараттарын және контаминирлендірілген медициналық құралдар арқылы.

Вирусты гепатит адам организміне маңызды мүше – бауырды зақымдайды. Адам зақымдалғаннан кейін (вирусты гепатит «А»-да 3-4 апта, «В»-да 180 күнге дейін) бірнеше күнге аурудың белгілері білінбейді. Ауру  белгілері: әлсіздік, тәбеттің нашарлауы, дене қызуының 37 градусқа дейін және одан жоғары көтерілуі, жүрек айнуы, құсуы мүмкін. Оң жақ қабырға астының ауырсынуы, нәжістің түссізденуі, көздің, жұмсақ таңдайдың, кейіннен қолдардың, әрі қарай бүкіл дененің  сарғаюы.

Кеңінен кездесетін «А» вирусты гепатитіне мектеп оқушылары арасында жиі кездеседі. Яғни  вирусты гепатитпен ауырған бала ауруын білмей мектептегі оқушыларға жұқтыруы мүмкін. Вирусты  гепатит ауруының деңгейінің  көтерілетін мерзімі: қырқүйек-ақпан айлары аралығы. Егер вирусты гепатит ауруымен ауырғанда  дер кезінде дәрігерге көрініп, ем қабылдаса 2-3 аптада ауру белгілері жойылады. Мынандай зиянды әдістер «А» вирусты гепатитін жұқтыру қауіп-қатерін арттырады:

- тағам түрлерімен айырбас болғанда;

- бірнеше адам бір тағамнан тістес болғанда;

- бір  қасықпен кезекпен ішкенде;

- бір сағызды шайнағанда т.с.с.;

- кітап, газет-журналдардың парақтарын аудару үшін саусақтарды тіл арқылы сулағанда;

- тырнақтарды тістегенде.

Д.САХОВА,

Еңбекші аудандық СЭЭБ бас маманы


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Вирусты гепатит