АИТВ-мен өмір сүретіндердің 90 пайызы вирустық жүктеменің басылуына қол жеткізді


Биыл 1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні, Дүниежүзілік науқан аясында 10 қараша мен 1 желтоқсан аралығында «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан  – тиімді өзгерістерге» ұранымен өтеді.

Шымкент қаласының ЖИТС орталығында 1974 науқас диспансерлік есепте тұрады, оның 1944 антиретровирустық ем алады, олардың 90%-ы вирустық супрессияға қол жеткізілген. Емдеу қазіргі заманғы препараттарды қолдана отырып, кешенде жүргізіледі.

2025 жылғы сәуірден бастап ЖИТС орталығында жаңа технология бойынша өндірілетін «Рилпивирин, Тенофовира алафенамид, Эмтрицитабин» препараты пайдаланылады, ол тіпті ұзақ уақыт қолданғанда да жоғары тиімділігімен, төмен уыттылығымен және жағымсыз құбылыстардың аз санымен ерекшеленеді. Зертханалық практикаға зерттеудің жаңа әдістерін енгізу клиникалық диагностиканы және емдеу тиімділігіне мониторингті айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді.

АИТВ-инфекциясын диагностикалаудың жаңа әдісі – өзін-өзі тексеру сәтті қолданылуда. Енді АИТВ жұқтыру қаупі жоғары адамдар өздерінің АИТВ-мәртебесін, клиникаларға бармай-ақ,  20 минут ішінде жедел-тест арқылы біле алады.

Халықтың негізгі топтары қатарындағы адамдарға жанасуға  дейінгі профилактика жүргізіледі – бұл АИТВ-ның таралуын болдырмау үшін ретровирусқа қарсы терапия, оны бүгінгі күні 1217 адам алады.

– Бүгінде біз АИТВ проблемаларын шешуге тиімді өзгерістер енгізудеміз. Атап айтқанда, ретровирусқа қарсы терапияға қолжетімділікті кеңейту АИТВ-мен байланысты аурушаңдық пен өлім-жітімнің төмендеуіне алып келді.  Антиретровирустық терапияны енгізу АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толыққанды, салауатты өмір сүруге және өз өмірінің сапасын едәуір жақсартуға көмектесті. Өткізілетін іс-шаралар жүкті әйелдердің АИТВ-инфекциясын уақтылы анықтауға және көптеген жағдайларда инфекцияны жұқтырудың вертикальді жолын болдырмауға мүмкіндік берді. Атқарылып жатқан іс-шаралар жүкті әйелдерде АИТВ-ны дер кезінде анықтауға және көп жағдайда инфекцияның анадан балаға берілуіне жол бермеуге көмектесті. Шымкентте бүгінге дейін АИТВ індетін жұқтырған әйелдерден дені сау 619 сәби дүниеге келді. Сондай-ақ келешек жас ұрпақтардың саулықтарына бағытталған алдын алу шаралары мен жалпы ақпараттандыру жұмыстары күшейтілді. Бүгінгі таңда Шымкент қаласында жасөспірімдер мен жастарға қолдау көрсететін, салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға және психологиялық әл-ауқатты нығайтуға көмектесетін  9 «Жастар денсаулық орталығы» (ЖДО)  жұмыс істеуде. Біз, ЖДО-мен бірлесе жастарды жыныстық және репродуктивті денсаулық және психологиялық салауаттылық мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру, жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды алдын алуға, денсаулықты сақтау көзқарастары мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал етудеміз. Біз мұның бәрін АИТВ мәселесіне лайықты жауап деп санаймыз, – дейді ЖИТС орталығының бас дәрігері Б.Сырбек.  


Кейінгі: Көптеген