Қорқордан қауіп көп


Қорқор көбіне қоғамдық тамақтану орындарында (кафе, бар, мейрамханаларда) тұтынушыларға ұсынылатын темекі тектес аппарат. Қорқорға қатысты зертханалық мәліметтерге сүйенсек, оның түтікшесінен алынған гигиеналық сүртінділерден ішек және көкіріңді таяқшалар, алтын түстес стафилакокк, ашытқы және грибок қоздырғыштары анықталғаны дәлелденген.

Қорқорды пайдалану дәстүрлі түрде топтық процесс болғандықтан, бірнеше пайдаланушылардың қорқор мундштукты ортақ пайдалануы кез келген ауыр жұқпалы ауруларды: гепатит, герпес, туберкулез және т.б. жұқтыру қаупін арттырады. Қорқор темекі шегуден қарағанда ұзақтау процесс, сондықтан темекі шегу кезінде дем алатын көлемнен айтарлықтай асатын түтіннің көлемі жұтылады.

Қорқор пайдаланушылармен бірге болу жанында отырған адамдарға да зиянды. Өйткені канцерогенді заттар ғана емес, сонымен қатар кальянның жанғыш заты болып табылатын көмірдің жану өнімдері де денсаулыққа кері әсер етеді. Темекі сияқты қорқор түтінінде де көп мөлшерде көміртегі тотығы, ауыр металл тұздары, бериллий, хром, кобальт, котонин, никель және қатерлі ісік тудыратын химиялық қосылыстар бар екендігі, су сүзгісінен өткеннен кейін де қорқор түтініндегі бұл заттардың мөлшері темекі түтінінен бірнеше есе жоғары болатындығы ғылыми түрде анықталған.

Дәрігерлер қорқордың бір порциясын шегілген бір қорап темекіге теңестірген. Түтінмен бірге қорқор тартушының өкпесіне никотинмен қатар өкпе обырын туындататын бензапирен және ДНК мутациясына төзімді, тұқым қуалаушылықпен берілуге икемді канцероген сияқты қауіпті заттардың да ағзаға сіңірілетін зиянды әсерлері туралы мағлұмат бере отырып, салауатты өмір салтын сақтауға шақырамыз!

Н.КЕНЖЕБАЙ,

Әл-Фараби аудандық СЭББ бөлім басшысы міндетін атқарушы 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Қорқордан қауіп көп
Кейінгі: Көптеген