Мұғалімдер туризмді дамытады

Screenshot_9.jpg

Шымкенттегі Экология, өлкетану және туризм орталығы – балаларды бау-бақшаға, өсімдіктерге, аң-құстарға күтім жасауға баулитын қаладағы жалғыз мекеме саналады. Міне, екі жылдан бері ұстаздар туризмді дамытуға белсене атсалысып, енді балалар туған жеріне, тіпті астанаға да экскурсияға барады. 

-Туризм – Экоорталық мұғалімдерінің жұмысындағы жаңа бағыт. Біз оны 2018 жылы қабылдадық. Бүгінде мұғалімдер Нұр-Сұлтанға, Алматыға, Таразға балалармен қалай саяхаттағанын айтып бере алады. Сапарлар күзгі және көктемгі демалыста болды. Оған тек Экоорталыққа баратын балаларға ғана емес, мектептің үздік оқушылары мен аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалар да жіберілді. Барлық сапарлар пандемияға дейін болды, сапар өте жақсы оқыған, сондай-ақ өлкетану және экология бойынша белсенді зерттеулер жүргізген балалар үшін керемет марапат болды, - дейді Экология, өлкетану және туризм орталығының директоры Ұлжан ҚАМЫТБЕКОВА. 

- Балалар үшін бұл жақсы ынталандыру. Биылғы жылы біз Алматыға және елордаға саяхаттарды жоспарладық, балаларға Каспий теңізін көрсеткіміз келеді. Бірақ бәрі коронавирусқа байланысты жағдайға байланып тұр. Экскурсоводтар балалармен бірге Түркістан облысына – Отырарға, Арыстан баб кесенелеріне, Домалақ-ана, Ақ мешітіне баруды көздеп отыр. Біз табиғатты қорғау ұйымдарымен шарт жасастық, олар біздің оқушыларды өздерінің қорғалатын аумақтарында қабылдайды. Мысалы, Сайрам-Өгем ұлттық саябағында, Ақсу-Жабағылы қорығында. Балаларға Қожа Ахмет Ясауи кесенесін, жерасты мешітін, Түркістандағы визит орталығын, Керуен сарайын көрсеткіміз келеді. Түркістан өзгерді, біз оны қайтадан ашамыз». Орталықта 800-ден астам бала бар. Мұнда жоғары сынып оқушылары да келеді. 17 тегін үйірме жұмыс істейді. Олар: экологиялық бағыт бойынша – «Жас эколог», «Жас зертеуші», «Жас табиғатшы», «Экология және Әсімдіктер», «Табиғат қорғаушылары», «Жас гүл өсіруші», «Экопойск», «ЮнЕк», «Экология пейзажтану», «Экозоолог», «Жасыл Дүрихана», «Жас натуралист», өлкетану және экскурсия бойынша - «Жас Әлкетанушы», «Жас гид», туризм бойынша - «Жаяу туризм», «Жас турист», «Жас турист» «Жас құтқарушы».

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Мұғалімдер туризмді дамытады