​«Ескі қала» туристерді қызықтырады

Screenshot_8.jpg

Шымкенттегі «Ескі қала» кешенінің Туристік ақпараттық картаның аймақтық деңгейіндегі ТОП-50 нысанына енгенін білетіндер аз. «Ескі қала» мен Цитадель орналасқан аумақ қаланың ең көне бөлігі болып саналады.

 Шымкенттің бұл аймағын туристік маршрутқа қосуға әбден болады. Өйткені ол көне тарихты білгісі келетіндер мен шетелдіктерді қатты қызықтырады. Жасыратыны жоқ, бұл аймақта қазір құрылыс заттарын сататын дүкендер, сонымен бірге Қырғыз базар орналасқан. Бұлар шаһардағы ең көне сауда орындары болып саналатынын көпшілігіміз білмеуіміз де мүмкін. 

Бүгінде қалада туристерді тарту үшін көптеген жұмыстар атқарылуда. Туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында 22 киелі және туристік нысандарда QR кодтары мен аудио гидтер орнатылған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. 2GIS электронды навигациялық жүйесіне енгізілген «Сайрамның киелі нысандары», «Жастар үшін», «Фотозоналар» және т.б жаңа дербес маршруттар әзірленді. Арбатта  туризмді дамыту үшін фестивальдар мен көрмелер өткізіледі. «Шымкентте 24 сағат», «Тарих ізімен», «Шымкент балаларға» тақырыптарында 60 мың буклеттер, сондай-ақ 77 мыңнан астам туристік карталар және «Шымкенттің ұлы сапары» кітаптарының 350 данасы шығарылды. 

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: ​«Ескі қала» туристерді қызықтырады