Шымкентте мектеп оқушыларына кәсіпкерлік пен іскерліктің қыр-сыры үйретілуде

Screenshot_3.jpg

Бүгін Шымкент қаласында Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясының базасында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен мұғалімдер мен оқушылар үшін "Кәсіпкерлік және бизнес" атты шеберлік сыныбы өтті. 

Шеберлік сабағын «Вeesiness – Пчелиное дело» іскерлік үстел ойынының авторы Алан Өтеғұлов, Кәсіпкерлік негіздері жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұғман Жұлдызбаев, жобалық кеңсе әдіскері Болат Мырзақұлов, Іскер әйелдер кеңесінің Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Алма Архабаева өткізді. Шеберлік сыныбында қатысушыларға кәсіптің қыр-сыры туралы айтылып, іскерлік ойынға үйретті. 

Айта кету керек, 19 желтоқсанда Шымкент қаласында С.Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейінің базасында "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" пәнін оқитын 10-11 сынып оқушылары арасында үстел іскерлік ойындарынан қалалық турнир өтеді. Турнирдің басты мақсаты – үстел ойындары – «гемификация» әдісі арқылы жас ұрпақтың «Жұмсақ біліктілер» жаһандық құзыреттілік дағдыларын дамытуға көмектесу. Ол үшін мұғалімдер өз мектебінде бизнес клубтарын құруы керек. Яғни өз аты, логотипі және ұраны бар команда. Ойын экономика мен кәсіпкерліктің барлық тақырыптарын қамтиды. Бұл «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін оқуды жеңілдетеді. Ойын кәсіпкерлік дағдыларды, дағдыларды және іскерлік ойлауды дамытады.

Турнир жеңімпаздары ақшалай және бағалы сыйлықтарымен, сонымен қатар қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттармен марапатталады. Алдағы уақытта бүкіл Қазақстан бойынша үстел бизнесі ойындарының чемпионатын өткізу жоспарлануда.