Шымкентке жыл басынан бері 200 мың турист келген

Screenshot_2.jpg

Шымкент жыл басынан бері 200 мыңнан астам туристі қабылдаған. Бұл туралы Қалалық  Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының бас маманы Азамат Нұрымбетов мәлім етті. 

Жалпы, бұл көрсеткіш пандемиялық кезең үшін жаман емес. Мұны мегаполисте туристерге жасал1ып жатқан қызметтердің нәтижесі деуге болады. Шымкенттің өзге мемлекеттермен, туризмі дамыған шетелдің қалаларымен арадағы іскерлік байланыстары нығайып келеді. Бірқатар қалалармен осы бағытта меморандумдарға, келісімдерге қол қойылды.  

Жалпы қалалық  Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының алдына қойып отырған бірқатар жоба-жоспарлары бар. Бес жылдық бағдарлама қабылданған. Жуырда мегаполисте туризмді дамытудың 2022-2023 жылдарға арналған жоспар дайындалды. Ондағы атқарылатын жұмыстар негізінен алты бағыттан тұрады. Бір сөзбен айтқанда ол негізінен креативті туризмді дамытуды қолға алып отыр.  

Соңғы кездері қаладағы туристік сервисті дамыту үшін гидттерді стандартау шаралары жүргізілуде. Туристерге гидтің қанша тілі білетіні, жұмыс өтілі, қандай орындарға алып бара алатыны туралы мәліметтерді алдын ала білуге мүмкіндігі бар. Турист сондай-ақ гидке қатысты ұсыныстарын да арнайы порталға жазып кете алады.