Салауатты колледждер – жарқын болашақ кепілі
Қазіргі таңда жастардың денсаулығы – қоғамның басты құндылықтарының бірі. Осыған байланысты білім беру мекемелерінде «Салауатты колледждер» жобасы кеңінен жүзеге асырылып келеді. Бұл жоба студенттердің тек білім алып қана қоймай, дені сау, белсенді әрі саналы тұлға болып қалыптасуына бағытталған.
«Салауатты колледждер» жобасының негізгі мақсаты – студенттердің физикалық және психикалық денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Өйткені денсаулығы мықты жас қана болашақта елдің дамуына өз үлесін қоса алады. Осы жоба аясында колледждерде түрлі спорттық іс-шаралар, денсаулық күндері, психологиялық тренингтер ұйымдастырылады. Бұл студенттердің бос уақытын тиімді өткізуіне және зиянды әдеттерден аулақ болуына көмектеседі.
Жобаның тағы бір маңызды ерекшелігі – кешенді түрде жүзеге асырылуы. Яғни, тек дене шынықтырумен шектелмей, дұрыс тамақтану, психологиялық қолдау, экологиялық тәрбие сияқты бағыттарды да қамтиды. Колледж асханаларында пайдалы тағамдар ұсынылып, студенттерге дұрыс тамақтану мәдениеті үйретіледі. Сонымен қатар, психолог мамандар жастарға күйзелісті жеңуге, өз-өзіне сенімді болуға көмектеседі.
Салауатты орта қалыптастыру да жобаның негізгі бағыттарының бірі. Таза, қауіпсіз және қолайлы білім беру кеңістігі студенттердің жақсы көңіл-күйде білім алуына ықпал етеді. Мұндай ортада жастар өз қабілеттерін толық ашып, шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік алады.
Қорытындылай келе, «Салауатты колледждер» жобасы – болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтауға бағытталған маңызды бастама. Бұл жоба арқылы жастар салауатты өмір салтын ұстанып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды үйренеді. Демек, дені сау ұрпақ – елдің жарқын болашағының кепілі.
У.Усипбаева,
Шымкент қалалық СЭБД бөлімі басшысы
