Қатты тұрмыстық қалдықтармен ластанудың қаупі
Тұрмыстық қатты қалдықтар – бұл орталықтарда және олардың әсер ету аймақтарында шығарылатын қалдықтар. Қалдықтар үйлер мен пәтерлер, дүкендер мен кеңселерден, ауруханалардан, қоғамдық тамақтану орындарынан шығарылады. Жалпы айтқанда, тұрмыстық қатты қалдықтар ел-елде, өндіріс ошақтары мен қарапайым адамдардан шыққан түрлі қоқыстыр. Олар: қағаз, пластик немесе шыны бөтелкелер, картоннан жасалған контейнерлер, металл сынықтары, резеңке ағаш, мата, синтетикалық қалдық түрінде болады. Қаламызда көбінше қатты тұрмыстық қалдықтардың басым бөлігі компоненттерге бөлместен, яғни сұрыпталмастан ашық қоқыстарға, қалалық көму полигондарына шығарылады және қоймаланады. Шашылған қалдықтардың қоршаған ортаға келтірер зияны дүние жүзілік дертке айналып түрлі жұқпалы ауруларды атап айтқанда, жіті ішек инфекциялары, тырысқақ, ішекқұрт, гепатит, түрлі инфекциялық ауруларды туғызады. Елді мекендер аумағында қалдықтарды жинау, пайдалану, қолдану, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көмуді мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады. Шағын елді мекендерде ҚТҚ жинау, шығару және көму орындарын күтіп-ұстау бойынша мамандандырылған ұйымдар болмаған жағдайда жергілікті атқарушы орган қызметінің бақылауымен және қызмет көрсетуімен қалдықтарды өз бетімен шығаратын орындар ұйымдастырылады. Көп пәтерлі тұрғын үй үшін бір адамға қатты тұрмыстық қалдықтардың нормасы жылына 210–225 кг, жеке тұрғын үйде 300–450 кг, мейманханада бір орынға – 120 кг, бала бақшада бір орынға – 95 кг, оқу орындарында бір оқушыға – 19 кг, азық-түлік дүкенінде бір шаршы метрге – 160 кг, шипажай, демалыс үйлерінде бір орынға – 250 кг, бекетте, әуежайда – бір шаршы метрге 125 кг. Қатты тұрмыстық қалдықтардың құрамында патогенді микроорганизмдер болады және олар санитарлық-эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті. Олар кеміргіштер мен шыбын-шіркейлерге құнарлы орта болып табылады, ал шіріген кезде жағымсыз иістер пайда болады. Жазғы мерзімде ҚТҚ өрт шығу жағынан өте кауіпті. Сондықтан санитарлык талаптар бойынша ҚТҚ-ды пайда болу орнынан тез шығарып тастау қажет. Жеке мен көпқабатты тұрғын үйлер тұрғындары қалдықты санитариялық талаптарға сәйкес өздерінің үйлерінің алдында орналасқан немесе белгілі жерге ашылған контейнерлерге жинайды. Көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында көлік кіретін жерлері бар, қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді орналастыру үшін арнайы алаңдар бөлінеді. Алаң қатты жабынмен абаттандырылады және үш жағынан қалдықтардың желмен таралу мүмкіндігін болдырмауға қажетті биіктікте қоршалады. Блоктың құрылыс аумағында арнайы қоқыстарды жинайтын автокөліктер үшін подьездерге қолайлы контейнерлерді орналастыру үшін арнайы алаңдар бөліну қажет. Алаңның құрылыстан арақашықтығы 25 м, сондай-ақ 100м-ден аспау керек. Көпқабатты тұрғын үй маңында арнайы стандартты металл контейнерлерін орнатылады, ал жекеменшік үйлерде ағаш немесе металл жинақтарын пайдалануға жол берілген. Қойылған контейнерлер саны пайдаланатын тұрғын саны және бір тұрғынның шығарған қалдық көлемімен анықталады. Қалдықтарды сақтау мерзімдері: - Тамақ қалдықтары – жазда -1 тәулік, қыста – 2 тәулік. - Тұрмыстық қалдықтарды сақтау – 3 тәулік. - Құрылыс қалдықтарын сақтау – 1 айдан аспауы керек. ҚТҚ-ны шығару уақтылы жүзеге асырылады. Контейнерлерде қалдықтарды сақтау мерзімі 0оС және одан төмен температурада үш тәуліктен, температура плюс болғанда бір тәуліктен аспайды. Жазғы уақыт кезінде металл контейнерлерді қалдықтардан тазарту үшін және дезинфекциялауды 10 күнде 1 рет жүргізу керек. Контейнерден немесе күл-қоқыс тасымалдайтын арнайы автокөліктен екінші реттік шикізатты (мата, бөтелке, пластмасса ыдыстары) таңдап алуға рұқсат етілмейді.
Н.Д.Ешенқұл,
Абай ауданының СЭББ бас маманы
