Моншалар мен сауналарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шiлдедегi № ҚР ДСМ-67 бұйрығында көрсетілгендей бірқатар санитариялық – эпидемиологиялық талаптарды сақтау қажет. Атап айтар болсақ:
- Моншалар мен сауналар көп функционалды ғимараттарда орналасқан кезде қабатаралық жабындар будан, жылудан, ылғалдан және дыбыстан оқшаулауды қамтамасыз етеді. Монша және сауна үй-жайларының құрамына: санитариялық тораптар, жуынып-шайыну, себезгі бөлмелері, бу қабылдау бөлмесі, жуу және дезинфекциялау құралдарын, жинау мүкәммалын сақтауға арналған, жұмыскерлерге арналған тұрмыстық бөлмесі немесе орыны кіреді. Моншаларда ауа айналымынсыз ішке сору желдеткішімен біріктірілген ауа арқылы жылумен жабдықтау құрылғысын орнатуға рұқсат етіледі. Моншаларда сору-сыртқа тарату желдеткіші болуы керек. Бу қабылдау үй-жайларында ауа температурасын бақылауды жүзеге асыру мақсатында термометр болуы керек.
Талапқа сай пайдаланылатын заттар:
-Шешіну-киіну және себезгі бөлмелерінде резеңке кілемшелер пайдаланылады. Ағаш траптар пайдаланылмайды.
-Жуыну үшін жоғары температура әсеріне төзімді және оңай жуылатын және өңделетін легендер пайдаланылады.
-Моншалар мен сауналарда жеке қолданылатын және пакеттерде берілетін таза және құрғақ киім-кешек (ақжаймалар, сүлгілер) пайдаланылады.
Таза киім-кешек пайдаланылғандардан бөлек сақталады.
-Моншалар мен сауналардың үй-жайларында тазалық сақталады. Суды бұру траптары бітеліп қалмайды және еденде лас су жиналмайды. Жуынып-шайыну залдарының едендерін тазалау және жуу күн сайын және қажеттілігіне қарай жүргізілу қажет.
Шомылуға арналған құралдарға дезинфекция жасалынуы керек:
-Әр келушіден кейін резеңке аяқ-киім фунгицидтік әсері бар дезинфекциялау құралдарымен өңделеді. Резеңке бұйымдарды өңдеу үшін таңбаланған сыйымдылықтар бөлінеді.
Дезинфекциялаудан кейін аяқ киім жуылады және кептірілуі керек.
- Легендерді өңдеу үшін дезинфекциялау ерітінділері бар сыйымдылықтар, тазартатын заттар, щеткалар мен шүберектер көзделеді. Жуынуға арналған легендер дезинфекциялау ерітіндісіне толық батырылып дезинфекцияланады және сумен шайылу қажет.
- Күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жайларды, мүкәммаларды және жабдықтарды жинау, жуу және дезинфекциялау жүргізіледі.
- Бу қабылдау бөлмесін қоспағанда, моншалар мен сауналардың үй-жайлары қоқыс салатын урналармен қамтамасыз етілген болуы керек.
- Монша мен сауналардың жуыну және себезгі үй-жайларында кір жууға және кептіруге, моншаны пайдалануға қатысы жоқ заттар мен құралдарды сақтау жүргізілмейді.
-Жарақаттану мен жазатайым жағдайлардың алдын алу мақсатында үй-жайлардың әрлеудегі ақаулары (сынған жапсырма плиткалар, линолеум, жыбындылар мен жабдықтардың тұтастығы бұзылғанда) уақтылы жөнделуі керек.
Г.А Сарсенова,
Абай ауданының СЭББ жетекші маманы
Бөлісу тақырыбы: Моншалар мен сауналарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
