Денсаулық сақтау саласында зарарсыздандыру қызметіне лицензия қалай беріледі?
Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру ҚР ДСМ 30.12.2020 жылғы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына 4-1-қосымша "Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау (ДДД) бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының негізінде жүзеге асырылады.
Лицензия беру мемлекеттік көрсетілетін қызметті ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы көрсетеді.
Қызметті алушы ҚР ҰЭМ 06.01.2015 жылғы №3 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша өтінішті құжаттарымен қоса порталға тіркеп ендіреді. Қызметті алушы порталға өтінішке қоса тіркейтін құжаттар:
- сертификациялық курстан өткен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дәрігері немесе маманының және нұсқаушы-дезинфектордың біліктілік талаптары,;
- ең аз материалдық-техникалық жарақтандырудың болуы;
- ҚР және Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында қолдануға рұқсат етілген ДДД құралдары және (немесе) препараттары);
- ҚР ДСМ 29.07.2022 жылғы «ДДД ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы №68 бұйрығына сай санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;
- «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілердің санитарлық қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы № ҚР ДСМ-2 бұйрығының талабына сәйкес санитариялық қорғау аймағына қорытынды .
Қызмет беруші өтініш түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және тіркеген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын тексереді. Құжаттар толық болмаған немесе қолданылу мерзімі өткен жағдайда қызметті беруші өтінішті ары қарай қараудан дәлелді бас тартуды дайындап, қайтарылатыны ескертіледі. Дәлелді бас тарту туралы хабарламаны 3 жұмыс күні бұрын жібереді және көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан бастап 2 жұмыс күні ішінде шешімге қарсы пікір білдіруге құқылы. Құжаттар толық ұсынылған жағдайда 9 жұмыс күні ішінде біліктілік талаптарына сәйкестігіне рұқсат беру бақылауын жүргізеді және оның нәтижелері бойынша қорытынды рәсімделеді. Ұсынынылған құжаттар мен мәліметтер біліктілік талаптарына сай оң қорытындыға сәйкес келген кезде 1 жұмыс күні ішінде нысан бойынша лицензияны рәсімдейді және береді.
М.Байырбеков,
Шымкент қалалық СЭБД бөлімі басшысы
Бөлісу тақырыбы: Денсаулық сақтау саласында зарарсыздандыру қызметіне лицензия қалай беріледі?
