Медициналық процедуралар жүргізу кезінде азаматтардың радиациялық қауіпсіздігі
Егер радиациялық қауіпсіздіктің негізгі қағидаттары (негіздеу, оңтайландыру, нормалау) сақталса, персоналдың, халықтың және қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздігі қамтамасыз етілген болып есептеледі.
Радиациялық бақылау объектілеріне келесілер жатады:
- "А" және "Б" топтарының персоналы (өндірістік жағдайларда оларға иондаушы сәулелену әсер еткен кезде);
- медициналық рентген-радиологиялық емшараларды орындау кезіндегі пациенттер;
- халыққа табиғи және техногендік сәулелену көздерінің әсер етуі кезінде;
- адамның тіршілік ету ортасы.
Радиациялық бақылауға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты радиациялық объектінің әкімшілігі өз кезегінде келесі талаптарды орындауы керек:
1) атом энергиясын пайдалану саласында Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды мен лицензия алу;
2) радиациялық қауіпсіздіктің қол жеткізілген деңгейін бекіту, персонал мен халықтың сәулелену деңгейін одан әрі төмендетуді, қоршаған ортаның радиоактивті ластануын азайтуды қамтамасыз ету мақсатында радиациялық объектіде және жедел радиациялық бақылау үшін белгіленетін санитариялық-қорғаныш аймағында радиациялық факторлардың бақылау деңгейлерін әзірлеуді қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі- Санитарлық ережелер) «Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларда 6-Қосымшада көрсетілген сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты жүргізу тәртібіне сәйкес сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты әзірлеуді қамтамасыз ету;
4) "А" және "Б" топтарының персоналына жататын адамдардың тізбесін айқындау;
5) Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес келетін сәулелену көздерімен жұмыс істеу үшін жағдайлар жасау;
6) радиациялық объектіде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және жүзеге асыру;
7) жұмыс орындарындағы, үй-жайлардағы, ұйым аумағындағы, санитариялық-қорғаныш аймағындағы және бақылау аймағындағы радиациялық жағдайды, сондай-ақ радиоактивті заттардың шығарындылары мен төгінділерін жүйелі бақылауды қамтамасыз ету болып табылады;
8) персоналдың жеке сәулелену дозаларын бақылауды және есепке алуды қамтамасыз ету;
9)персоналды жұмыс орындарындағы иондаушы сәулелену деңгейлері туралы және олар алған жеке сәулелену дозаларының шамасы туралы тоқсанына 1 рет (авариялық жағдайларда дереу) хабардар ету;
10) персоналды алдын ала (жұмысқа орналасу кезінде) және мерзімді міндетті медициналық қарап-тексеруді жүргізу;
11) жыл сайын белгіленген мерзімде радиациялық объектінің радиациялық-гигиеналық паспортын беру.
Иондаушы сәулелену көздері бар кабинеттер мен бөлімшелердегі радиациялық қауіпсіздікті бақылауды мекеменің орталықтандырылған радиациялық қауіпсіздік қызметі (жауапты тұлға) немесе аспаптық радиациялық бақылау жүргізу үшін тартылатын аккредиттелген ұйым жүзеге асырады.
Бұзушылықтар анықталған жағдайда радиациялық бақылауды жүзеге асыратын персонал анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін сәулелену көздерімен жұмысты уақытша тоқтата тұрады.
Жаңадан түскен немесе сәулелену көздерімен жұмысқа ауыстырылған адамдар Жұмыстың қауіпсіз әдістеріне, жеке гигиена ережелеріне оқытылады және осы Санитариялық қағидалар көлемінде нұсқаулықтан, радиациялық қауіпсіздік шаралары және радиациялық аварияларды жою жөніндегі ведомстволық және жергілікті нұсқаулықтардан өтеді.
Радиациялық қауіпсіздік қағидаларын нұсқама беру және білімін тексеру жылына кемінде 1 рет жүргізіледі.
Көздермен жұмыс сипаты өзгерген кезде, сондай-ақ белсенділігі жоғары көздерді пайдалану кезінде жұмысшыларға кезектен тыс нұсқама жүргізіледі және радиациялық қауіпсіздік және жеке гигиена ережелерін білуін тексереді.
Арнайы рентгенологиялық зерттеулер жүргізуге мезгіл-мезгіл қатысатын адамдарды (хирургтар, анестезиологтар және т.б.) жеке дозиметриялық бақылау "А" тобының персоналы үшін де жүргізіледі.
Рентгенодиагностикадағы дозаларды шектеу тәсілдері өте көп, дозаны шектеу тәсілдерінің бірі дене бетінің сәулелену ауданын азайту болып табылады. Жеке қорғаныс құралдарын (алжапқыштар, қалпақшалар, жағалар, әртүрлі мөлшердегі пластиналар) қолдану өте тиімді, сондықтан бұл құралдар міндетті түрде рентген диагностикалық кабинеттерде қолданылады. Гонадтар кез-келген жағдайда қорғалады, егер бұл зерттеуге кедергі келтірмесе. Жаңа туылған нәрестелер мен нәрестелерде зерттелетін аймақты қоспағанда, бүкіл дене жабылады.
Н.Кенжебай
Әл-Фараби аудандық СЭББ бөлімі басшысы
Бөлісу тақырыбы: Медициналық процедуралар жүргізу кезінде азаматтардың радиациялық қауіпсіздігі