Энтеровирусты инфекция туралы не білеміз?
Энтеровирусты инфекция – бұл топ ауруларының туындауына вирустардың бірнеше түрлері себебін тигізеді.
Энтеровирусты инфекциямен ауырғаннан кейін өмір бойына иммунитет қалыптасады. Бірақ, иммунитет вирустың сол ауырған серологиялық типіне ғана қалыптасады, сондықтан басқа серологиялық типінен қорғай алмайды. Бала өмірінде энтеровирусты инфекциямен бірнеше рет ауруы мүмкін. Сонымен қатар, вирустардың түрлерінің көптігінен осы инфекцияға қарсы вакцина шығару мүмкін емес.
Адамға ауру көзі болып вирус тасымалдаушысы немесе ауру адам саналады, қоздырғыш ауру симптомдары байқалған алғашқы күндері көптеп бөлінеді.
Энтеровирусты инфекцияның негізгі берілу жолы нәжіс-ауыз, тұрмыстық қатынас, тұрмыстық заттар мен жеке бас гигиенасын сақтамауы арқылы. Егер қоздырғыш тыныс алу жолдарында көбейетін болса, жөтелгенде, түшкіргенде, ауа-тамшы жолы арқылы беріледі.
Инкубациялық кезеңі барлық энтеровирусты инфекцияларда бірдей 2 күннен 10 күнге дейін (орташа есеппен 2-5 күн).
Адам ағзасына вирустар ауыз қуысы немесе жоғары тыныс жолдары арқылы түседі. Аурырғанда температура 38-40˚ С-қа дейін көтерілуі, әлсіздік, бастың ауыруы, лоқсу, құсудан және көздің қарауытуынан басталады. Бұл симптомдар жүрек тұсының, іштің, бұлшық еттің ауыруымен, тамақтың қуысы мен бадамша бездердегі ұшық бөртпелерімен қатар жүруі мүмкін. Кейбір жағдайларда жоғарғы тыныс алу жолдары зақымданады, суық тию, мұрынның бітуі, жөтелу байқалады. Аурудың 1-2 күндері негізінен қолда, аяқта, ауыз қуысында және оның айналасында 24-48 сағаттың ішінде (кейде 8 күн) болатын, кейін жоғалып кететін бөртпелер пайда болады.
Энтеровирусты инфекцияның алдын алу шаралары кез келген жіті ішек инфекциясы кезіндегі шараларға ұқсас, сондықтан — мынадай ережелерді сақтаған жөн:
- ішу үшін тек қана қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану;
- тамақтан алдында және дәретханадан кейін қолды сабынмен жуу, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін қатаң сақтау;
- жеміс пен көкөністі пайдаланудың алдында оларды жөке қолданып және кейіннен қайнатылған сумен шайып мұқият жуу;
- ресми рұқсат етілген жерлерде ғана шомылу, шомылу кезінде суды жұтпау;
- азық-түлікті жеке тұлғалардан және сатуға рұқсат етілмеген жерлерден сатып алмау.
Емдеуден гөрі қарапайым профилактика шараларын сақтай отырып аурудың алдын алған жеңіл екендігін есте ұстаңыз
Шарбат Айботаева
Тұран ауданы СЭББ
басшы орынбасары