Профилактикалық егулердің маңыздылығы
Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу мақсатында жүргізілетін тиімді әдіс. Жалпы инфекциялық аурулардан қорғау үшін алдын-ала егу - инфекциялық ауруларға қарсы төзімділікті туындатып, біздің иммунды жүйемізді нығайтып, ауруларға қарсы қорғаныс факторлары (антиденелер) пайда болады. Ал бұл қорғаныс факторлары біздің ағзамызға сол инфекциямен ауырғанда немесе оған қарсы екпе жасатқанда түзіледі. Әртүрлі жұқпалармен ауырып, ағзамызда әртүрлі асқынуларға жол бергенше оған қарсы екпе алған тиімді. Халыққа профилактикалық егуді жүргізу үшін елімізде тіркелген және қолдануға рұқсат берілген вакциналар пайдаланылады. ҚР да №612 қаулымен бекітілген егу жұмыстары Ұлттық күнтізбеге сай 12 жоспарлы егу, 9 жоспардан тыс профилактикалық екпелер жүргізіледі. Барлық екпелер егілетін адамнан кәмелетке толған баланың ата-анасынан вакцинация жүргізуге ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін жүргізіледі.
Жалпы вакциналардың сол қоздырғышқа (вирус немесе бактерия) қарсы әсер ететін екі түрі бар, өлі және белсенділігі төмендетілген вакциналар бар. Бұл вакциналар аурудың пайда болуына және әртүрлі асқынуларға жол бермеуге әсерін тигізеді. Вакциналардың көбісі инъекция түрінде және пероральды, яғни ауыз арқылы жүргізіледі.
Өз балаларына егуден бас тартатын Ата –аналарға!!! Егуден бас тартпас бұрын емдеу мекемесінің қызметкерлерінен егудің маңыздылығы, егуден бас тартқан жағдайда, оның салдары неге әкеліп соғатынын біліп, толық ақпарат алғаныңыз дұрыс. Екпе тек жеке адамда ғана қорғаныс түзілмейді, екпенің нәтижесінде ұжымдық иммунитет пайда болады. Ал ұжымдық иммунитет жұқпалы аурулардың таралуының алдын-алуда маңызы күшті екенін түсіну қажет. Елімізде екпелердің нәтижесінде полиомиелит ауруынан азат ел болсақ, соңғы бірнеше жыл ішінде балалар арасында гепатит ауруының «А» түрі аздап тіркелуде. Вирусты гепатит ауруы бауырды зақымдап, циррозға немесе қатерлі ісікке алып келеді. Ал цирроз бен қатерлі ісік, білесіздер, өлімге әкелуі мүмкін. Құрметті ата-аналар балаларыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қараңыздар!
Өз уақытында жүргізілген вакцинация-біздің қоғамдағы қорғаныс құралымыз !!!
Д.Садуллаева
Тұран ауданы СЭББ бас маманы