Ауру аналардың сау сәби сүюіне көмектесетін дәрігер

Screenshot_4.jpg

Шымкент қаласында адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырған әйелдерден туылған 627 баланың 612-сі сау, яғни, анадан балаға қауіпті вирус берілмеген. Бұл дегеніміз бүгінде 97,6 пайыз балалар дендері сау, бақытты өмір кешуде. Осы балалардың вирус жұқтырмай сау туылуына ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының балалар инфекционисті Эльмира Имангалееваның үлесі мол.

Жоғарғы санатты дәрігер Эльвира Имангалеева 2006 жылдан Шымкент қаласындағы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығында балалар инфекционисті қызметін атқарып келеді. Дәрігерге АИТВ инфекциясының анадан балаға берілуінің профилактикасын жүргізу міндеті жүктелген. Балалардың болашағы бей-жәй қарай алмайтын Эльмира Қанатқалиқызы біліктілігімен АИТВ жұқтырған жүкті аналарды жіті бақылап, емдеудің арқасында сау балалардың дүниеге келуіне ықпал етуде.

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығында есепте тұратын әйелдер арасында жыл сайын 15-30 жүктілік тіркеліп тұрады, ал өсімді нәтижемен жалпы 899 жүктілік тіркелген.

Э.Имангалеева 1983 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының педиатрлық факультетін бітіргеннен кейін, «педиатр дәрігері» мамандығы бойынша Петропавл қаласының №3 қалалық ауруханасында интернатура өтіп, 1984-1986 жылдары аралығында осы ауруханада балалар бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарған. 1987-2006 жылдары Шымкент қалалық жұқпалы ауруханасында инфекционист дәрігер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс атқарған. Денсаулық сақтау ісіне қосқан зор үлесі үшін бернеше мақтау қағаздарымен, 2016 жылы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды.

АИТВ жұқтырған әйелдер сау ұрпаққа қол жеткізген қуаныштарын дәрігермен бөлісіп отырады. Дәрігер жұмысының негізгі нәтижесі – пациенттерінің алғысы. Алғысқа бөленген азамат корпоративтік әдепті ұстанады, жауапкершілік және орындаушылықпен ерекшеленеді, бастамашыл. ДДСҰ ұсынған ЖИТС-пен күресудің межесі – «95-95-95» стратегиясын іске асыруға үлкен үлес қосып, еңбек етуде.