Туристердің келу ағыны жөнінде Шымкент үздік бестікте

Screenshot_11.jpg

Осыдан үш жарым жылдан астам уақыт бұрын республикалық маңызы бар қала мәртбесін алған Шымкент ірі экономикалық, мәдени орталыққа айналуы тиіс. Елбасының өзі айтқандай,  миллион тұрғыны қала ең алдымен Орталық Азиядағы туризм орталығы атануы керек.

Шымкенте бүгінде туристік әлеуетті арттыру мақсатында түрлі шаралар атқарылып келеді. Оның нәтижесі де жоқ емес. Қалалық Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшыларының айтуынша, биыл  Шымкентке шет елдер мен өзге өңірлерден келушілердің саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артқан. Ел аумағында жүргізілген сараптама нәтижесінде туристердің келу ағыны бойынша Шымшаһар 5-орынға жайғасқан.

-Расында да кезінде «Ұлы Жібек жолының» күре тармақтарының бірі есебінде танылған бұл аймақта саяхатшыларды көбірек тартып, туризмді дамытып әкетуге мүмкіндік мол екені сөзсіз. Туристер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде Шымкентті көруге тартып тұратын өзгеріссіз  5 фактор бар. Бүгінде еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматыдан кейінгі үшінші мегаполисте туристік жобалар қала экономикасының негізіне айналған. Алдағы уақытта да қолға алынатын iргелi істер аз емес,- дейді Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров "Оңтүстік" телеарнасына берген сұхбатында. 

Жалпы, тәуелсіздік жылдары шеңберінде үшінші мегаполис туралы ауыз толтырып айтар жетістіктер жетерлік. Еліміз егемендік алған жылы Шымкентте халық саны 400 мың адам болса, қазір 1 миллионнан асады.  Қала бюджеті 1994 жылғы 1 млрд теңгеден бүгінде 455 млрд теңгеден асты. Қала экономикасына 2,6 триллионнан астам инвестиция бағытталды. 1991 жылдан бері 6,1 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Аумағы кеңейіп, 13 мың гектардан 116,3 мың гектарға дейін ұлғайды.