Инвестициялық жобаларды Google картадан көруге болады

Screenshot_3.jpg

Шымкент қаласындағы инвестициялық жобаларды енді Google картадан көруге болады. Ол үшін Google іздеу жүйесіне кіріп "Шымкент ӘКК" жобалары деп ресми тілде терсеңіз, Шымкент қаласындағы бірнеше инвестициялық жоба шығады. Әр жобаға қажетті ақпараттар жазылған. Оқырман жобаны басу арқылы ол туралы толықтай мәлімет біле алады. Жоба қай жылы басталды, қай жылы аяқталады, қанша қаржы жұмсалды, мердігер мен тапсырыс беруші кім, барлық мәлімет бар. Бұл туралы "Шымкент ӘКК" АҚ басшысы Бауыржан Канкин Instagram парақшасында хабарлады. 

- Енді барлық инвестициялық жобаларды Digital форматында көре аласыз, - деп жазды ол. 

Сандық форматқа көшу арқылы сыбайлас жемқорлықты да болдырмауға болады. Сандық форматта барлық жобалар халыққа қолжетімді болады. Олар ұңғыл-шұңғылына дейін жоба бақылай алады. 

Сонымен қатар өзге өңірдегі инвесторлар да Шымкент қаласының экономикалық әлеуетін бақылап, қажет деп тапқан жағдайда инвестиция сала алады. Олар Гугл картадағы ақпарат арқылы өз бизнестерінің болашақтарын бағамдай алады. Айта кету керек, Гугл картаға инвестициялық жобаларды енгізу арқылы кәсіпкерлер мен инвесторлардың көп жүгі жеңілдеді.