Өзіне ота жасаған дәрігер

Дәрігер өзін-өзі емдегенмен, өзіне ота жасай ала ма? ХХ ғасырдың 60-жылдарында Антарктидағы ғылыми топта жалғыз дәрігер болатын. Әлбетте экспедиция тобына бір дәрігер жеткілікті іспетті. Леонид Иванович Рогозов есімді дәрігер өзіне ота жасағаннан кейін жағдай өзгерді...

image.png

Л.Рогозов 1960 жылы қарашада Антарктикалық экспедицияның мүшесі ретінде сапарлайды. Экспедиция Новолазаревская станциясын 1961 жылы 18 ақпанда құрып бітіреді. 1961 жылы 29 сәуірде дәрігер өзінде әлсіздік, жүрек айну, қызба белгілері барын және іші ауырғанын байқайды. 13 адамнан тұратын экспедициядағы жалғыз дәрігер болғасын ол өзіне жедел аппендицит диагнозын қояды. Консервативті емдеу тактикасы (демалу, аштық, суық ауада серуендеу және антибиотиктер) нәтижесіз аяқталады.

Жақын маңнан медициналық көмек алудың ыңғайы болмайды. Өмірін сақтау үшін ота жасалу керегін дәрігер түсінеді. Жағдайдан шығудың жалғыз амалы – Рогозов өзіне ота жасауы.   Леонид метеорологты құралдарды әперіп тұрушы, инженер-механик дәрігерге отаны көрсету үшін айнаны ұстап тұрады.  Станция басшысы екі ассистенттің бірі есінен танып қалса, көмекке келуге дайын болатын.

Рогозов әлсіреп, жиі үзіліс жасап, ота 1 сағат 45 минутта аяқталды. Бес күннен кейін температурасы қалыпты жағдайға келді, ал екі күннен кейін отаның жібін алып тастайды. Осылайша тарихтағы ең алғашқы өз-өзіне ота жасаған дәрігер атанады. Леонидке дейінгі дәрігерлер тек сынақ мақсатында өз-өзіне ота жасайтын. 

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Өзіне ота жасаған дәрігер