Амфибия: қиял әлде реал?

1960 жыл.Толық сәтсіздік! The New York Times басылымы түсірілімі енді басталған фильмге осылай өкім оқыды. Су астында жүретін съемкадан тіпті Disney  бас тартуы осылай пікір қалыптастырса керек-ті. Бұл дилеммада «Титаникті өз ісінің шеберлері, құтқарушылар кемесін әуесқойлар құрастырған» тәмсілі іске асады.  Киноиндустрия жаңа серпін алады. Техникалық мүмкіндігі мүлде бөлек ауқымдағы фильм көрерменге жол тартады.  Бұл жобаның сценарий желісі Александр Беляевтің «Адам-амфибия» романының негізінде еді. Қиял іспеттес өмірге жуымайтын желіні 10 жыл «тартпасында сақтап»  «Ленфильм» таспалайды. Кіршіксіз сезім. Санамен ұғыну. Адамдар арасындағы нәзік жіп эмпатия сезімін тудырады. Амфибия – қос мекенді тіршілік. Адамның жаратылысы құрлыққа бейімделген. Туындының фантаст нүктесі – адамның қосмекенді болуында еді. 

image.png

Францияның Le Matin (Париж) газетінде 1909 жылдың шілдесінен қыркүйегіне дейін Жан де Ла Ираның «Суда өмір сүре алатын адам» атты фельетон романы жарық көрді. 1909 жылдың күзінде Санкт-Петербургтегі антисемиттік "Земщина" газетінде Жан де Ла Ира мәтіні негізінде құрылған белгісіз автордың «Адам-балық" романы жарық көрді. Екі желінің қаһарманы ерекшелігі арқылы қандай да бір байлықты мұрат етеді. Беляевтің тиандры ғана «махаббатпен аралған» адам кейіпін сақтайды. 

Сюжет Аргентина жағалауында жұмбақ күміс тіршілік иесінің пайда болуымен бастау алады. Ихтиандрды «теңіз шайтаны» де ел қауесет таратады. Жергілікті басылымдар да бұл ақпаратты адам нанғысыз элементтермен көмкері сенсация жасауға ұмтылады. Інжу аулауға арналған шхунаның иесі, қатыгез және күшті Дон Педро Зурита бұл тіршілік иесін ұстап алуды кздеп іздейді. Зурита амфибиянны қолға түсірудің қамымен жүргенде, қалыңдығы Гуттиере Ихтиандр есімді жас жігітті кездестіреді. Осылайша оқиға шарықтау шегіне жетіп, өзгелер болжай алмайтын көркемдік шешіммен қамтылады. Бұл фильм стандарттан тыстықты бойына сыйдырып, кеңестік кезеңдегі үздік кассалық фильмдердің қатарынан көрінді. Бұл сценарий қиялда. Л өмірде Ихтиандр тіршілік ете ме?

Ей, теңізші, сен өте нашар жүздің...

image.png

Бұл фразаны Ихтиандр теңізшіге қарата айтатын. Қоршаған ортада теңізшілердің шебер жүзе білетінін жиі естиміз. Суда жүзумен арнайы шұғылданатын спортшылардың өзін артқа тастар жан бар ма? Адамзат арасында суда жүзуден ұзақ уақыттық көрсеткіштер тіркелген. Мысалы, Льюис Пью – экстремалды  жүзу бойынша онға жуық әлемдік рекордтардың иегері. Ол арнайы құрылғыларсыз ұзақ уақыт бойы мұзды суда бола алатын әлемдегі жалғыз адам. Льюис төрт мұхитта ұзақ уақыт жүзген әлемдегі жалғыз жүзуші. 2007 жылы Льюис Солтүстік полюсте минус 1,7 градус су температурасында бір шақырым жүзіп өткен. 2014 жылдың тамызында Льюис «жеті теңіз» жобасы аясында Жерорта, Адриатика, Эгей, Қара, Қызыл, Араб және Солтүстік теңіздерде марафондық жүзу жасаған.

Адамзат тарихында алғаш болып Ла-Манш бұғазын британдық Мэтью Уэбб жүзіп бағындырған. Ол қашықтықты 1875 жылы бір тәуліктен аз, 21 сағат 45 минутта жүзіп өткен. «Британиялық Эверест» атанып кеткен бұғазда көптеген қайғылы оқиғалар орын алған. Сол факторды ескерсек, 1875 жыл үшін бұл әрекет хас батырлық. Себебі, салқын су адамның буындарын сал халге келтіру ықтималдығы жоғары.  Бұл қашықтықта жылдамдық  тұрғысынан Петр Стойчев әлемдік рекорд орнатқан. Ол 2007 жылдың тамызында Ла-Манш бұғазын небәрі 6 сағат 58 минут жүзеді. Суда адам қанша уақытқа дейін болады? Ол сұраққа жауап американдық Фред Ньютон 1930 жылы алты айда 3 мың шақырымды жүзіп басып өткен. Ол 6 шілдеден 29 желтоқсанға дейін  Миссисипи өзенімен (Миннесота штатынан Луизиана штатына дейін) жүзеді. Мэтью Уэбб суда  742 сағатын өткізген. Бірақ бұдан да ұзақ қашықтықты қысқа уақытта басып өткен адамдар бар. Мысалы, словениялық Мартин Стрел өте алыс қашықтықта жүзуші ретінде танымал. Ол тарихта Амазонканы жүзіп өткен алғашқы адам. Стрел 66 күнде әлемдегі ең терең өзен бойымен 5268 шақырым жүзіп өткен. Ол Дунай, Миссисипи, Янцзы өзендерін де басып өткен.

Кеме лайнері апаттық жағдайға душар болғанда, мәжбүрлі түрде ұзақ қашықтықта жүзіп аман қалған «сүңгуірлер» көп. Адам суда апатқа ұшыраса, толқу яки қорқу сезімі физиологиялық жағдайына әсер етеді. Сол себепті суға батып мерт болғандар да аз емес. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қытай теңізшісі Пон Лим суда ең ұзақ өмір сүру рекордын орнатқан. Ол 133 күн бойы Атлант мұхитымен жалғыз өмір сүрді. Ол психологияның мықтылығынан болса керек. Мемлекеттер тарихында ашаршылық жылдары адам адамды жеген факторлар көп. Теңізде тобымен аман қалу да психотиптің мықтылығынан болса керек.  2006 жылы мексикалық акула аулаушы Хесус Видана және оның  командасы Тайваньда балық аулайтын кеме құтқарылғанға дейін Тынық мұхитында 270 күнін өткізген. Адамзат тарихында жүзуден түрлі рекордтар орнаған. 

Рунан шах VS су перісі

image.png

Каспий маңындағы кейбір қалала тұрғындары адам-амфибия бар екеіне сенеді. Әрі ерекше жаратылыс иелерінің Каспийді ластанудан тазартуға ықпал ететінін айтады.

Мұндай әңгімелер соңғы екі жылда Иранның солтүстігіндегі Чалус қаласынан Әзірбайжан Ленкоранына дейінгі секторда тұратын тұрғындардың тарапынан  болжануда. Өткен жылдың наурыз айының аяғында "Бакы" траулерінен әзірбайжандық балықшылардың хабары осы тұжырымға нақты дәлел болды. Иранның Энзели портында жергілікті «Зиндаги» газетіне:

«Ұзақ уақыт бойы таңғажайып тіршілік иесі бізге жақын жерде жүзіп, параллель бағытта жүрді», - деді кеме капитаны Гафар Гасанов. Теңізшілер беймәлім тіршілік иесін балық де ойлаған. Алайда шашы мен қолдары анық көрінгенде барлығы жан шошытар шокта болған. Әзірбайжандықтар газет мақааласын сенімсіз қабылдаған. Теңізшілермен болған фактор алкогольдің әсерінен көрінен галюцинация деп болжаған. Бұл аргумент расталар еді. Егер, ирандық теңізшілер де теңіз «құбыжығы» бар деп, оның тұлғасын суреттемегенде. 

Оры алған арлық факторда теңіз антропоидінің сипаттамалары ортақ суреттелген. Орташа бойлы, 165-168 см, тарақ тәрізді тұлға,  пиннипед аяқтары, қолында мембраналары бар төрт саусақ. Терісі күміс рең.  Шашы – қанық  қара-жасыл теңкте (мүмкін балдырлардан). Қолдар мен аяқтар қарапайым адамға қарағанда сәл қысқа және жуанша. Құлағы көрінбейді. Көзі – үлкен , дөңгелек. Ауызы – үлкен, жоғарғы жақ сүйегі шығыңқы. Төменгі ерні мойынға (иексіз) тегіс өтеді.  

Ирандықтар тіпті  амфибия-адамға  Рунан шах деп есім берген.  Яғни су мен өзендердің иесі. Шынында ол жүріп өткен аймақтың суы мөлдір болады. Әрі балықтар көптеп жиылып тұрады. Бұл қалып 2-3 күн көлемінде сақталады. Рунан шахтың тұңғиықтан шыққанын көрген балықшылар: Амфибия-адам көзге көрінгенге дейін (екі-үш минут бұрын) балықтар белсенді бола бастайды.  Құйрықтарының ұштарын қозғап, жан таласады.  Тіпті әлсіз дыбыстар шығарады. Ал Рунан шах оларға кекіргенде шығаты дыбысқа ұқсас тонда  жауап береді. Сонымен қатар, ол балықты босатуға әрекет жасамайды және адамзатпен байланыс орнатқысы келмейді. Ғалымдардың кейбірі балықшылар сипаттаған тіршілік иесінің бар екеніне күмәнданбайды. Сенеді. Себебі, мұнай өндірісіне байланысты ол аймақта кішігірім жарылыстар жасалуы қалыптылық. Демек, экологияға орасан зор апаттар тиіп отыр. Ғылым шынында беймәлім су тіршілік иесінің бар-жоқтығымен «арпалысып» келе жатқанына бірнеше ғасырдың жүзі болды. Су перілеріне арнап көптеген туындылар жарық көруде. Нақты негізді еңбек жарияланғанға дейін бұл талас жалғасын табады...

Суреттер ашық дереккөзден алынды.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Амфибия: қиял әлде реал?