Суды көп ішу керек пе?

Screenshot_5.jpg

«Су көп ішіңіздер». Бұл сөзді ақ халаттылардың аузынан жиі естиміз. Әсіресе пандемия кезінде дәл осы кеңес ті теледидардан да көбірек айтыла бастады. Тіршілік көзі судың ағзамызға пайдасы молы рас. Алайда оны артығымен тұтыну зиян екен. Егер суды мөлшерден көп іше беретін болсақ гипонатремияға шалдығуымыз мүмкін. Ол дегеніңіз қанның құрамындағы тұздың азайып кетуі.  Оның үстіне суды көп ішсек бүйрегіміз оны сүзгіден өткізіп үлгере алмайды. Яғни бүйректің жұмысын қиындатып, оған салмақ түсіреміз. 

Мамандар күніне 2, 2,5 литр су ішу керектігін айтады. Дегенмен бұл цифр адамның жасы, жынысы, физикалық әлеуетіне қарай өзгеруі мүмкін.  


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Суды көп ішу керек пе?