Жалған ғалым

Screenshot_12.jpg

Жапон ғалымы Ёшитака Фудзии жиырма жыл бойы жалған ғылыми мақалаларды  мансабын өсіру үшін жариялап келген. «Көп асқанға бір тосқан демекші» 2012 жылы әріптестері оның жұмыстарын әшкерелейді. Кем дегенде 183 ғылыми жұмысы жалған ақпаратқа сүйене отырып жазылғаны анықталды. Анестезиология саласының ғалымы Фудзии Тохо университетінде жұмыс істеп жүріп, ота кезінде жиі кездесетін жүрек айну мен құсуды тудыратын клиникалық дәрілерге тәжірибе жүргізген. Жапония анестезиологтар ұйымының мәліметінше, ғалым-дәрігер бір де бір емделушіге дәрі жазбаған. Әріптестері жазбаларды толықтай оқып шыққаннан кейін зерттеу жұмыстарына қатысқандар туралы ақпараттарды тексерген. Адамдардан сұрастыра келе 1993 жылғы өзге біреудің жұмысын көшіргені анықталған.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Жалған ғалым