Диетаның пайдасынан зияны көп

e8065463afccf274377fab8800b35c68.jpg

Еліміздің үшінші мегаполисінде халыққа қызмет көрсетудің әлемдік стандарттары орнауда. Солардың ішінде «Vita Luxe and Spa» Талассо орталығының жөні бөлек. Мұндағы  spa-отель, әсемдік салоны мен  spa-салонның Қазақстанда баламасы жоқ. Мұндай қызметтерді  Еуропаның үздік  шипажайларынан ғана табасыз. 

Орталықтың басты мақсаты – адамға жан мен тәннің үйлесімін табуға көмектесу. Оның үлкен маңызы бар. Бұған білікті мамандар, заманауи технологиялар мен қондырғылар, сонымен қатар ең үздік бағдарламалар  жәрдемдеседі. Құрамында Ресей мен Қазақстанның үздік кәсіби диетологтары, психологтары, косметологтары мен басқа да мамандарды біріктірген  команда керемет емдеу бағдарламасы мен үздік сервис сыйлайды.    

Әрине, қазір спа-салонмен үлкен қаланың тұрғынын таңқалдыра алмайсың. Алайда, «Vita Luxe and Spa» қатардағы салон емес. Ол жайдан-жай «Талассо орталығы» мәртебесін алып отырған жоқ. Талассо ұғымы  «теңізбен емдеу» деген мағынаны береді. Бұл әдіс теңіз шөптері мен тұзын қолдану арқылы адамның ағзасын емдеуді ұсынады.  

Талассо орталығы қызметіндегі басты бағыттардың бірі  - адамы дұрыс тамақтануға үйрету. Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда  көптеген әйел диетаға отырып, тамақ жеместен тәнін қинайды. Бірақ, азықтан бас тарту мәселені түбегейлі шешпейді екен. Қайта керісінше, диетаға отырудың пайдасынан гөрі зияны басым. Оның себебін «Vita Luxe and Spa» орталығының мамандары түсіндіріп берді.  

Осындай керемет орталықты ашу идеясы  неден туындады? Босанып, дүниеге нәресте әкелген соң салмақ қосу көп әйел үшін айтарлықтай проблема тудыратыны жасырын емес. Артық салмақтан арылу үшін базбіреулер диета ұстана бастайды. Енді біреулері түрлі фитнесс-орталықтарға, одан шығып спа-салонға барады. Әр жеген тамағының калориясын санаумен әлек болып кететін нәзік жандылар да бар. «Vita Luxe and Spa» салоны осы қызметтердің барлығын бір жерден көрсетуді ұсынады. 

Жалпы, адам білікті маманның көмегіне жүгінген дұрыс. Мәселен, тіс ауырса – стоматологқа барған секілді, артық салмақтан арылғысы келген адам диетологқа баруы тиіс. Арықтауды көздегендердің көбі өзін-өзі емдеуге көшеді. Ал негізінде диета әр адамның ағзасына қарай ерекшеленеді. Яғни, бір адамға жаққан тәсіл екінші біреуге жақпауы мүмкін. 

- Мұнымен де тірлік бітпейді. Үйге келген соң түрлі тағам даярлау қажеттігіне тап болады. Диетаға отырған әйелдің тамағын оның күйеуі мен бала-шағасы жемейді ғой. Сосын, тағамның көп түрінен бас тарту өте қиын, тіпті азапқа теңеуге де болатын шығар. Себебі, дастарқанда ет, түрлі тәттілер тұрғанда шыдау қиын. Құдды бір өзіңді ауру адамдай сезіне бастайсың. Диетаға шындап отырған әйел күн сайын, сағат сайын калория санаумен әлек болады. Алма немесе нан жеп қойса «қанша калория болды» деп санауға кіріседі. Мен тіпті «шоколад па? Жоқ, мен одан да екі кәмпит жей салайын, калориясы бірдей болады» деп жүргендерді де көрдім. Яғни, адам тәуелді болып қалады. Ал біз осы қиындықтардың  барлығын айналып өтудің жолын ұсынамыз. Яғни, бізде тамақтанудың арнайы бағдарламасы, өзіміздің аспазшымыз бар. Диеталық тағамды үйге жеткізіп беру қызметі де істейді. Біздегі тағамдардың барлығы ең дұрыс әрі пайдалы ингредиенттерден жасалады. Оның құрамында қант пен майлардың деңгейі анағұрлым аз. Бірақ, дәмдік қасиеттері өзгермейді. Яғни, түрлі тәттілерді, тіпті пирожное мен тортты да жей бересіз. Бірақ адам одан салмақ қоспайды, - дейді орталықтың диетологы Нагина Бадалова. 

Арықтау – ағзаға кешенді түрде күтім жасаумен ерекшеленетін процесс. Адам салмақ жоғалта бастағанда терінің жағдайын жақсартуға ден қоюы қажет, өйткені ол сола бастайды. Оған спа-процедуралар жәрдемдеседі. Уақалау, лимфодренаждық массаж бұл процесті жеделдете түседі.  Целлюлит деген әйел заты үшін тым жағымсыз тері ауруы да дұрыс тамақтанбаудан  пайда болады екен. Тәттіні көбірек жеудің нәтижесі осы целлюлитке ұласады. Мұны да есте ұстаған жөн.  

Спа салондағы психолог Марина Цай дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруға үйретеді. «Біздің ұсынатынымыз -  диета емес, дұрыс тамақтану. Бір отырғанда қарынды тойғызып жеуден гөрі аз-аздан тамақтанған әлдеқайда пайдалы. Бізде дұрыс тамақтану мәдениеті қалыптаспаған. Көпшілік тамақтануды қарынды толтыру деп түсінеді, содан ләззат алады. Бұдан асқазанның да көлемі үлкейіп кетеді. Ал азықты бөлшектеп жеу артық салмақтан сақтайды, себебі асқазанның көлемі кішірейеді. Психологиялық тәсілдер арқылы біз адамды тамақтану процесінің өзінен ләззат алып, рахаттануды, өз тәнін тыңдауды үйретеміз. Біздің ағзамыз өтірік айтпайды, оған қандай тамақ қажет екенін өзі-ақ  білдіреді. 21 күн ішінде біз дұрыс тамақтануға негізделген өмір сүрудің жаңа түріне үйреніп шығуға болады». 

Орталықта Detox ағзаны тазарту бағдарламасы мен VitaFood тамақтану бағдарламасы қолданылады. Әлемде өзінің тиімділігін дәлелдеген бұл кешенді бағдарламалардың көмегіне енді Шымкентте де жүгінуге мүмкіндік бар. Бұл тәсілдің тиімділігін спа-орталыққа келушілер бағалап үлгерді.  Солардың бірі – зейнет жасындағы Дуся Нұрмашева.  «Мұнда келгенімде салмағым 96 келі еді. Аяғым ауырғандықтан Оңтүстік Кореяға барып, медициналық тексеруден өттім. Сонда дәрігерлер «салмақты кемітсеңіз ғана аяғыңыдың ауырғаны қояды», деп кеңес берді. Оның үстіне қант диабетім де бар. Осында келгелі бір ай ішінде  6 килограмға аздым. Алғашқы он күнде қарным жиірек ашатын. Ал 15 күннен кейін қалыпқа келіп, үйрендім. Негізі, тамақтанудың ең дұрыс  тәсілі осы екен. Қандағы қант көрсеткіші де реттелді. Бұрынғыдай дәріні уыстап ішпейтін болдым», - деп ризашылығын білдірді Д.Нурмашева. 

Шындап келгенде, спа-орталық қаланың орталығында орналасқан шипажайға ұқсайды. Сонау Сарыағаш пен Манкентке әрі кетсе жылына бір рет барып демаласыз. Ал «Vita Luxe and Spa» орталығы қаладан шыға алмайтындар үшін таптырмас мекеме.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Диетаның пайдасынан зияны көп