Оқушыларға ЖИТС-тан сақтанудың жолдарын түсіндірді

Screenshot_29.png

Түркістан облыстық ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығы Жетісай бөлімшесі мамандарының ұйымдастыруымен Сарыағаш аудандық білім беру мекемелерінің мұғалімдері мен оқушыларына орталықтың дәрігер эпидемиологы Н.Ж.Базаралы онлайн семинар өтті.

 Семинар барысында қазіргі таңда орын алып отырған АИТВ инфекциясының жастар арасында таралуы және оның алдын алу жолдары жайлы мәліметтер берілді. Сонымен қатар алдағы уақытта «Адами әлеуетті дамыту» басқармасымен бірлескен жоспар негізінде офлаин форматта жұмыстар жүргізіліп, жастарға жадынамалық түсіндірме парақшалар таратылатындығы айтылды.