Сарыағашта ілкімді жобалар жүзеге асуда

8.jpg

Ауыл шаруашылығы экономиканың жетекші саласы болып табылады.  Осы орайда халықты сапалы әрі қолжетімді бағадағы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуде Сарыағаш ауданында біршама ілкімді жобалар жүзеге асуда. 

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша мал шаруашылығы саласында өндірілген өнімдер өткен жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда: ет (тірі салмақта) 101,1 пайызға артып, 11812,2 тонна жеткен.  Сүт 103,5 пайызға артса, (45693  тоннаға), ал жұмыртқа 111,5 пайызға артып, 71 миллион 297,1 мың дана  өндірілген. 

Мәселен ауданда «Санжар» шаруа қожалығының 1000 бас мал бордақылау алаңы іске қосылған.  Шаруа қожалығының жалпы жер көлемі – 2,5 гектар. Бүгінде мұнда 300-ден аса ірі қара мал бордақылануда. Алдағы уақытта оның саны артады деген жоспар бар.  Мұнда 15 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген.

Сонымен бірге Сарыағаш ауданында жылыжай шаруашылығы жақсы дамыған. Биыл Құркелес ауылдық округі аумағында «Дилшад» шаруа қожалығының фермерлік жылыжай кешені іске қосылды. Жылыжайда қияр, қызанақ өсіріліп, жылына 85 тонна шамасында өнім алу жоспарланған. 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.