Абай ауданында аулалар абаттандырылуда

Screenshot_17.png

Шаһардағы 4-шағынаудандағы көпбатты тұрғын үйлердің балалар алаңшасы жақында жаңарған болатын. Осыдан 5-6 жыл алдын жөнделген бұрыңғы алаңша тар, балалардың емін-еркін ойнауына ыңғайсыз еді дейді тұрғындар. Кеңейтілген әрі замана талабына сай бой көтерген нысан соңғы үлгідегі ойын элементтерімен жабдықталыптты. Балалар қауіпсіздігі де қамтылған. Сәкілер ауыстырылып, орындықтары да түгелдей жаңаланыпты. Балалар мәз-мейрам, ересектердің де қуанышында шек жоқ.

 «Кей жерлерді ауыстыртып, жылжытып алдық. Көрші балалар да осында келеді. Өздерінде де бар, бірақ жақсы жасалғаннан кейін осында келеді. Құрылысшылар бізбен ойласып отырды. Әкімдіктегілерге рахмет »,- дейді қала тұрғыны Қалдыбек Әзімханұлы. 

Аудандағы абаттандыру жұмыстарына демеушілер де атсалысуда. «Шымкент қайырымды қала» қоры арқылы демеушілер есебінен 4 спорт алаңшасы ел игілігіне табысталды. «Ақмешіт» орталық мешіті маңындағы спорт алаңшасы да қордың қаражатына салынған.

 "Ауданда 35 спорт алаңшасын салуға мемлекеттік сатып алулар ұйымдастырылды. Тиісті қаражат қаралған. Бұл жұмыстар да атқарылады. Биыл аудандағы аулаларды жаңартуда спорт алаңшаларын жөндеуде үлкен жұмыстар атқарылды",- дейді Абай ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Тілеш.

Соңғы екі жылда ауданда көп қабатты 222 тұрғын үйдің ауласы абаттандырылып, балаларға арналған ойын алаңшалары орнатылуда. Аудандағы 453 көпқабатты тұрғын үйлер 258 аулаға біріктірілген. Салаға жауаптылар бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорт алаңдарының құрылысына қарқын беріп отыр. Қолды байлайтыны – алаңшалар салынуы тиіс жер телімдеріне  мемлекеттік акт алу дейді әкімдіктегілер. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталып, келер жылы да халықтың салауатты өмір салтын ұстануына тиісті жағдайлар жасалатып болады.