Ордабасы: Мал бордақылау алаңдары қатары артты

Мақтааралда мал бордақылау алаңдарының саны 80-нен асқан — Күнгей.kz

Ордабасыда мал бордақылау ісі өрлеп тұр. Кәсіпті дөңгелетіп әкету үшін оның қыр-сырын меңгеру керек. Мал бордақылау да мал шаруашылығының көзін тапқанға оңай. Малды жайып семіртудің маңызы зор. Себебі малды бордақылау оның табысын арттырады.

Аудандағы жалпы мал бордақылау алаңдарының саны – 279 бірлік, 2019 жылы 47 бірлік мал бордақылау алаңы ашылды (оның 36-і қаржы ұйымдары арқылы 87,6 млн. теңгеге несиелендіру жолымен ашылған, 11-і өз қаржылары есебінен).

Аудандағы мал бордақылау алаңдарында жалпы 14 261 бастан орта есеппен 3 466 тонна (іқм, жылқы, қой тірі салмақта) ет өндіріліп, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының базарларына өткізілуде.

Өткен жылы Бөржар ауыл округінде 1 бірлік – 1 500 бастық, 1 бірлік – 1 000 бастық, Қажымұхан ауыл округінде 1 бірлік – 100 бастық, Бадам ауыл округінде 1 бірлік – 300 бастық ірі қара мал бордақылау алаңдары іске қосылды.

3 шаруашылық «Аграрлық несие копорациясы» АҚ – 140,6 млн. теңге және 3 шаруашылық «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы – 34 млн. теңге кредит алды.

Бөржар а/о «Арыс-Алтын-К» ЖШС – 29 басжәне ЖК «Райымбеков Р.К» – 22 бас асыл тұқымды ірі қара малды Беларусиядан; «Әлі-Ата» ШҚ – 48 бас және «Қалмұрзаев Ж» ФШ – 40 бас тауарлық ірі қара малды Ресей Федерациясының Алтай өңірінен;

Бөген а/о «Service Pro» ЖК – 76 бас және Қажымұхан а/о «Амангельдиев М»ЖК – 100 бас асыл тұқымды ірі қара малды Беларусиядан сатып алған.