Жаңа ішкі істер министрі тағайындалды

Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалды. Осы жөніндегі Президент Жарлығы Ақорданың сайтында жарияланды. 

Screenshot_10.jpg

Марат Ахметжанов бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымын атқарып келген болатын. 

Мемлекет басшысының өкімімен бұған дейінгі Ішкі істер министрі  Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Жаңа ішкі істер министрі тағайындалды