" /> " /> "Рухани керуеншілер" Отырарға аялдады--Diagnews.Kz

"Рухани керуеншілер" Отырарға аялдады

Screenshot_35.jpg

Алматы және Түркістан облыстары әкімдіктерінің ұйымдастыруымен ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Рухани керуен» жобасының III-кезеңі «Жер жәннаты Жетісу жерінен қасиетті Түркістан өңіріне» атты Алматы облысының «Рухани керуен» шарасы Түркістан облысына аялдады.

Аталған шара аясында керуен мүшелері киелі Отырар ауданына табан тіреді. Мәртебелі меймандарды аудан әкімінің орынбасары П.Жаппарқұлов жылы жүзбен қарсы алды. Жетісу жерінен келген құрметті қонақтар алдымен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейіне бас сұғып, қазыналы өлкеміздің өткен тарихынан мол мағұлмат алып, құнды жәдігерлермен етене танысты.  Қонақтарды әсіресе Шыңғыс ханның әскеріне алты ай бойы қасқайып тұрған қаһарман қала Отырардың ерлігі және сол замандағы ата-бабаларымыздың тұрмыста қолданған заттары мен, батырлардың қару-жарақтары ерекше қызықтырды. 

Музей алдында естелік суретке түскен жетісулықтар бабтардың бабы Арыстанбаб бабамыздың кесенесіне зиярат жасап, баба әруағына құран бағыштады. Керуен сапарларын одан әрі жалғастыру үшін облыс орталығы Түркістан қаласына аттанып кетті7

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: "Рухани керуеншілер" Отырарға аялдады