Мейірбикелердің еңбегі ерен

Screenshot_8.jpg

Түркістан қалалық орталық ауруханасының қызметкері Ақнұр Рысбаева облыстың ең үздік мейіргері атанды. «Үздік мейіргер» кәсіби конкурсының жеңімпазына Халықаралық мейіргерлер күні мерекесіне орай Түркістан қаласында ұйымдастырылған салтанатты шарада облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің атынан арнайы заманауи теледидар табыс етілді. Дәл осындай сыйлықпен өңірдің ең үздік акушері Келес аудандық «Абай» ауруханасының маманы Қарагөз Елибаева, облыстың ең үздік фельдшері Жетісай аудандық «Асықата» ауруханасының қызметкері Ермек Ардақ та марапатталды. Сонымен қатар, 13 медицина маманына облыс әкімінің «Алғыс хаты», 29-ына облыстық мәслихаттың «Құрмет грамотасы» берілді.

– Бүгінгі таңда өңіріміздегі 42 медициналық ұйымда медбикелермен қамтамасыз ету жағы 100 пайызды құрайды.  Облыста жалпы 17 мыңға жуық орта буын медицина қызметкері халыққа қызмет көрсетеді. Бұл еліміз бойынша ең үлкен көрсеткіш. Дәрігерлермен қатар мейіргерлерді де біліктіліктерін арттыру үшін тәжірибе алмасуларға еліміздің алдыңғы қатарлы емдеу мекемелеріне, одан қала берді бізбен меморандум түзген шет елдердің үздік клиникаларына жіберіп жатырмыз. Олар елге оралған соң көрген-білгенін, оқығанын іс жүзінде облыстағы әріптестеріне үйретуде. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады, – дейді мейіргерлер мерекесімен құттықтаған облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев. 

Ақ халаттылардың аталған кәсіби байқауында үздік үштікке лайық деп танылған жеңімпаздардың келесі легі де марапатталды. Олар – «Үздік мейіргер» бойынша І-орынды жеңіп алған Ордабасы аудандық орталық ауруханасынан Ұлжан Тұрабаева, ІІ-орынды иеленген Леңгір қалалық емханасынан Жанар Жарымбетова мен Созақ аудандық орталық ауруханасынан Таңшолпан Амантаева, ІІІ-орын өзара бөліскен Леңгір қалалық ауруханасынан Майра Бекмұрзаева және Кентау қалалық емханасынан Балжан Есенбекова мен Венера Арысбаева. «Үздік фелдьшер» бойынша І-орынды облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының маманы Бекжан Жанәділ иеленді. «Үздік акушер» бойынша Отырар аудандық орталық ауруханасынан Толқын Төлепбергенова – І-орын, №1 облыстық перинаталды орталығынан Мария Байдалиева – ІІ-орын, Арыс аудандық орталық ауруханасынан Гүлмира Полатбекова ІІІ-орын иегерлері атанды.  

Денсаулық сақтау басқармасының «Алғыс хаты» 60 медицина маманына табысталды. Сонымен қатар, аталған байқау жеңімпаздары мен облыс медицина еңбегі сіңген ардагерлерге «Ақсу-Жабағылы», «Біркөлік» оңалту-сауықтыру кешендерінен 20 жолдама тарту етілді. 

Айту парыз, бүгінде өңірдегі медицина мекемелердің материалдық-техникалық жабдықталуы анағұрлым жақсарған. Заманауи құрал-жабдықтар мен қондырғылар тек облыс орталығында ғана емес, аудандар мен қалаларда да орнатылуда


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Мейірбикелердің еңбегі ерен