Дерматовенерологиялық диспансеріне тері қатерлі ісігін анықтайтын жаңа аппарат орнатылды

Screenshot_17.png

Түркістан облыстық дерматовенерологиялық диспансерінде Fotofainder (Фотофайндер) атты неміс компаниясының дерматоскопы халық игілігіне пайдалануға берілді.

Облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше бұл құрылғы невустарды, яғни әртүрлі пигментті дақтарды, пигментті невустарды, меланоциттік невустарды, терінің қатерсіз немесе қатерлі ісік ауруларын, сондай-ақ шаш ауруларын диагностикалауға арналған. 

FotoFinder — 140 есе үлкейту және жоғары дәлдікті бейнелеу, қауіпті түзілімдерді ерте сатысында меланома-тері қатерлі ісігін анықтауға мүмкіндік береді. Фотофайндер жүйесі дәрігерге мольдің (невустың) күйін алып тастамас бұрын максималды дәлдікпен анықтап, емдеудің дұрыс әдісін қолдануға мүмкіндік береді.