Түркістандық дәрігерлер жүкті әйелге екі ота жасады

Screenshot_14.png

Түркістан облыстық клиникалық ауруханаға 36 апталық кезеңдегі 2002 жылғы науқас жеткізілген болатын. Науқастан амбулаториялық тексеру барысында УДЗ-де бауырдың оң жақ бөлігінің кернелген эхинококты кистасы анықталды.

 Ауруханада науқасқа тексеру жүргізу мақсатында іш қуысы мүшелерінің МРТ жасалды. Нәтижесінде бауырдың оң жақ бөлігінің зақымдануы анықталған. 

№2 облыстық перинаталдық орталықтың акушер-гинекологының қатысуымен дәрігерлер кеңесі шақырылып, операцияға алдын ала дайындықтан кейін ота жасау туралы шешім қабылданды. 

Науқасқа ағымдағы жылдың 14 қаңтарында алдымен техникалық қиындықсыз кесар тілігі, одан кейін «лапаротомия, бауыр эхинококкоктомиясы» жасалды.

Операциядан кейінгі кезең қиындықсыз, асқынусыз өтті. Науқас белсенді, өзін қанағаттанарлық сезінеді. 

МӘМС жүйесінде сақтандырылған науқас болғандықтан жасалынған оталарға тегін қол жеткізді.