Жүрек-қан тамыр аурулары


Жүрек-қан тамыр аурулары - бұл жүрек және қан тамырларының ауруларын топтастырады, оларға: Жүректің ишемиялық аурулары – жүрек бұлшық етін қанмен қамтамасыз ететін қан тамыр ауруы; Ми қан тамырларының ауруы – миды қанмен қамтамасыз ететін қан тамыр аурулары Перифириялық артерия ауруы – аяқ-қолды қанмен қамтамасыз ететін қан тамыр аурулары Ревмокрдит – стрептоккоктық бактерияның жүрек бұлшық етін және жүрек клапанын зақымдайтын ревматоидты ауруы. Жүректің туа біткен ақауы - дүниеге келгеннен кездесетін жүректің деформациялық ауруы Вена тромбозы және өкпе эмболиясы – аяқ веналарында тромбтың пайда болып жүрек пен өкпеге әсер етуі жатады. Жіті коронарлық синдром (инфаркт) – жүректің қанмен қамтамасыз етуінің жіті нашарлауы.

Симптомдары: Кеуденің ауруы ұзақ (20 минуттан аса) қысылып ауруы Тыныштықта кеуденің немесе сол жақ кеуденің сол иыққа, қолға, мойын мен төменгі жаққа беріліп, жауырын аралығы, құрсақ жақтың ауруы. Әлсіздік, алқыну Нитроглициринді қабылдаудан ауру басылмайды суық тердің шығуы ЭКГ-дан жүректің қанмен қамтамасыз етуінің нашарлағанын көрсететін өзгерістер анықталады.

Инсульттің жиі кездесетін белгілері (көбіне бір жақ бөлігінің) бет бұлшық етінің әлсізденуі,. Бет бұлшық етінің , аяқ қолдың бір жақ бөлігінің ұюы, есінің шатасуы, дұрыс сөйлей алмау, бастың интенсивті айналуы, тепе-теңдікті сақтай алмау, естен тану. Осындай белгілерді байқаған кезде кешіктірмей медициналық көмекке жүгіну керек.

Жүрек-қан тамыр ауруларының алдын-алу:

1.Дұрыс тамақтану

2.Дене қозғалысы

3.Уақытылы диагностикадан өту

4.Зиянды әдеттерден бас тарту.

Д.Т.Ташпулатова, 

Абай ауданының СЭББ бас маманы


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Жүрек-қан тамыр аурулары