Қатты тұрмыстық қалдықтардың қаупі


Жеке  мен көпқабатты  тұрғын үйлер тұрғындары қалдықты санитариялық талаптарға сәйкес өздерінің үйлерінің алдында орналасқан немесе белгілі жерге ашылған контейнерлерге жинайды. Көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында көлік кіретін жерлері бар, қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді орналастыру үшін арнайы алаңдар бөлінеді. Алаң қатты жабынмен  абаттандырылады және үш жағынан қалдықтардың желмен таралу мүмкіндігін болдырмауға  қажетті биіктікте қоршалады.

Блоктың құрылыс аумағында арнайы қоқыстарды жинайтын автокөліктер   үшін  подьездерге қолайлы контейнерлерді орналастыру үшін арнайы алаңдар бөліну қажет. Алаңның құрылыстан арақашықтығы 25 м, сондай-ақ 100м-ден аспау керек. Көпқабатты тұрғын үй маңында арнайы стандартты металл контейнерлерін орнатылады, ал жекеменшік үйлерде ағаш немесе металл жинақтарын пайдалануға жол берілген. Қойылған контейнерлер саны пайдаланатын тұрғын саны және бір тұрғынның шығарған қалдық көлемімен анықталады.

Субъект (ҚТҚ контейнерлерінің меншік иесі) контейнерлерді пайдаланатын халықтың санына, қалдықтардың жиналу нормаларына, олардың сақталу мерзіміне байланысты орнатылатын контейнерлердің санына жүргізілген есептеуді ескере отырып орналастырады. Контейнерлердің есепті көлемі қалдықтардың іс жүзінде жиналуына сәйкес келеді. 

ҚТҚ-ны шығару уақтылы жүзеге асырылады. Контейнерлерде қалдықтарды сақтау мерзімі 0оС және одан төмен температурада үш тәуліктен, температура плюс болғанда бір тәуліктен аспайды. 

Жазғы уақыт кезінде металл контейнерлерді қалдықтардан тазарту үшін және дезинфекциялауды 10 күнде 1 рет жүргізу  керек. Контейнерден немесе күл-қоқыс тасымалдайтын арнайы автокөліктен   екінші реттік шикізатты (мата, бөтелке, пластмасса ыдыстары) таңдап алуға рұқсат етілмейді. Бұл ретте қалдықтармен жұмыс істеу шаруашылығы мен қалдықтарды сақтау орындарының құрылыстарын қоршаған ортаға теріс әсерін болдырмайтындай етіп оқшаулайды. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-қағидаларға сәйкес талаптарды белгілейді. Жоспарлы-тұрақты санитариялық тазарту – қалдықтарды белгіленген жиілікпен жинау және жою бойынша іс-шаралар жүйесі, жерді қалпына келтіру – белгілі мақсатта пайдалану үшін бүлінген жерлерді, оның ішінде бүлінген жерлердің кері әсері нәтижесінде өз құндылығын толық немесе ішінара жоғалтқан іргелес жер учаскелерін қалпына келтіруге, сондай-ақ қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар кешені болып табылады. Елді мекендер аумағында қалдықтарды жинау, пайдалану, қолдану, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көмуді рұқсат құжаттары бар мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады. Қалдықтарды тасымалдау және жинау үшін мемлекеттік және жеке сектор кәсіпорындары пайдаланатын мамандандырылған құрал-жабдықтар пайдалануы керек. 

Қатты қалдықтарды шығару арнайы автокөлікпен жүргізіледі. Кузовты машиналар қалдықтарды жинаудың алмастырылмайтын жүйесінде немесе немесе бактық жүйеде қолданылады. Бұлар қалдықтарға арналған жабық кузовтардан, қабылдағыш бункерлерден және гидравликалық итеретін плиталардан тұрады. Яғни, көп пәтерлі тұрғын үй үшін бір адамға қатты тұрмыстық қалдықтардың нормасы жылына 210–225 кг, жеке тұрғын үйде 300–450 кг, мейманханада бір орынға – 120 кг, бала бақшада бір орынға – 95 кг, оқу орындарында бір оқушыға – 19 кг, азық-түлік дүкенінде бір шаршы метрге – 160 кг, шипажай, демалыс үйлерінде бір орынға – 250 кг, бекетте, әуежайда – бір шаршы метрге 125 кг. Қатты тұрмыстық қалдықтардың құрамында патогенді микроорганизмдер болады және олар санитарлық-эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті. Олар кеміргіштер мен шыбын-шіркейлерге құнарлы орта болып табылады, ал шіріген кезде жағымсыз иістер пайда болады. Жазғы мерзімде ҚТҚ өрт шығу жағынан өте кауіпті. Сондықтан санитарлык талаптар бойынша ҚТҚ-ды пайда болу орнынан тез шығарып тастау қажет.

Н..Ешенқұл,

Абай аудандық СЭББ бас маманы


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Қатты тұрмыстық қалдықтардың қаупі