Мереке күндерінде тамақтан уланудың алдын алу шаралары

Әдетте қоғамдық тамақтану және сауда объектілері мереке күндері аспаздық және кремі бар кондитерлік өнімдерді үлкен мөлшерде дайындайды.

Сонымен қатар, мереке күндері сақтау және сату мерзімі қысқа түрлі салаттар, ет және балықтан дайындалған тіске басарлар, ет сілікпелері, құйма еттер, тауық етінен жасалған тағамдар және басқалары ең көп сұранысқа ие болады. 

   Ол өнімдерді сатып алмас бұрын шығарылған күніне, сақталу мерзіміне, тамақ өнімінің қауіпсіздігін және сапасын растайтын құжаттардың болуына, сондай-ақ оларды сақталу және сату жағдайларына назар аударуды ұсынамыз. Және де белгіленбеген сауда орындарынан (стихийная торговля), адамдардан тамақ өнімдерін, әсіресе үйде дайындалған консервілерді сатып алмаңыздар, бұл ботулизммен ауыруға алып келуі мүмкін. 

Қоғамдық тамақтану нысандарында  дастарханын даярлау барысында нысан иесі келесі жайттарға аса наза аудару қажет: 

- жеке гигиена қағидаларын және тазалықты сақтау;

- нысандарда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим қамтамасыз етіліп (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, дезкілемшелер төсеу, ғимараттың ішін залалсыздандыру құралдарын қолданумен күніне кемінде екі рет ылғалды жинау, желдету) жүргізілу;

- нысандарда  персоналы қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс, персоналдың маскасыз жұмыс істеуіне жол берілмейді;

- тауардың қауіпсіздігін растайтын құжаттарының болуы (ет, балық, көкөніс, кремді-кондитерлік өнімдер т.б.);

- ас даярлайтын аспазшылардың, қызмет көрсетуші персоналдардың (официанттар) толық медициналық, зертханалық бақылаудан өтіп, жеке медициналық кітапшасының болуын қадағалау; 

- дайын тағамдардың сақтау және пайдалану мерзімін қадағалау;

- шикі және дайын тағамдарды бірге сақтауға жол бермеу;

- өткен кештегі үстелден қалған тағамдарды пайдаланбау, оның ішінде  құс етінен жасалған, жұмыртқа қосылған дайын тағамдар, майонез және қаймақ қосылған салаттар, кремі бар кондитерлік өнімдерді (торттар, бәліштер) ертеңгі дастарғанға қолданбау қажет.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының СЭББ бас маманы Алиасқар Д.С.