Лейшманиоз - қауіпті дерт!

image.png

Лейшманиоздар – Zeishmania туындастың қарапайымдармен шақырылатын, трансмиссивті жолмен тарайтын, висцеральды және терілік клиникалық түрлерінде өтетін зоонозды тропикалық паразитарлы инфекция. 

  Түркістан облысында  Сырдария өзенінің сол жағалауындағы бірқатар елді-мекендер: Шардара, Арыс, Отырар аудандарының аумақтары зоонозды-тері лейшманиоз ауруының табиғи ошақтары болып табылады. 

Зоонозды тері лейшманиозы адамға трансмиссивті жолмен жұғатын ауру.  Індеттің тасушысы кеміргіштер, әсіресе үлкен құмтышқандары. Ал оны  таратушы үндемес масалар – қаңсорғыш жәндіктер Phlebotomus.

         Санитарлық-профилактикалық шараларды, оның ішінде репелленттерді қолдану арқылы  зоонозды тері лейшманиозының инфекциясынан қорғануға болады. Сонымен қатар,  үй-жайларды  тасымалдаушылардан қорғау үшін терезелерді торлап, аулалардағы тазалықты қатаң бақылау керек.

Белгілері

⦁ Шаққаннан кейін 2—8 апта откен соң, маса шақкан жерде ісік пайда болады.

⦁ Ісік әдетте іріңді, ашық жараға айналады.

⦁ Ірің өзі жазылуы мүмкін, ал кейде бірнеше аптадан 2 жылға дейін қалып қоюы мүмкін.

⦁ Іріңдер бактерияларды оңай жұқтырады.

Алдын алу:

✅дезинсекциялық шаралар

✅ветеринарлы шаралар

✅ауруларды айқын толық түрінде емдеу

✅спецификалық профилактика жоқ

Егер теріде бөртпелер мен жаралардың пайда болғанын байқасаңыз, дәрігерге жүгінуге кеңес береміз.

Нұрбақыт РАБАТ, Арыс қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Лейшманиоз - қауіпті дерт!