Адам папиллома вирусы

Screenshot_9.jpg

ХХ ғасырдың басында И.И.Мечников алғаш рет әртүрлі соматикалық аурулар, сонымен қатар қатерлі ісіктер мен белгілі бір микроорганизмдер арасында байланыс бар екендігін тұжырымдады. Бүгінгі күнде вирусты гепатит В (73 %) және С (27 %) бауыр ісігінің дамуына, Helicobacter pylori (55 %) асқазан  ісігі, ал адам папиллома вирусы – жыныс мүшелеренің ісігінің дамуына ықпал етеді.

Қауіп   факторлары: 

⦁ Шылым тарту;

⦁ Сексуалды факторлар (ерте  басталған  жыныстық  өмір, жиі  партнер алмастыру);

⦁ Ішкі факторлар (авитаминоз, әлсіз  иммунитет, стресстер)

⦁ Қынап  микрофлорасының  бұзылысы,жүктілік;

⦁ Репродуктивті факторлар (менархе, менопауза);

⦁ Оралды контрацептивтерді ұзақ уақыт қабылдау;

Жұғу  жолдары:

⦁ Адам папиллома вирусы антропонозды қоздырғыштар тобына жатады (адамнан---адамға). 

⦁ Вирус өзінің өмірге қабілеттілігін суда сақтай алады (бассейн, монша);

⦁ Жыныстық  жолмен  беріледі.  Ең  қауіпті  жас 17-25  жас  аралығын құрайды,  осыдан  соң 35  жасқа  дейін төмендеп, 35-54  жас аралығында жұқтыру жиілігі жоғарылайды. 

⦁ Вертикалды  жол  арқылы  беріледі. 

Алдын  алу:

⦁ Салауатты  өмір  салтын  ұстану;

⦁ Вакцина  салдыру;

⦁ Скринингтік  тексерулерден  уақытында  өту.

Б.ТӨЛЕГЕН, Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының үйлестірушісі





®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Адам папиллома вирусы