Сыбайлас жемқорлықпен күресу – әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті


Әрбіріміз жемқорлыққа қарсы тұрып, қоғамымыздың әділдігін қамтамассыз етуге үлес қосуымыз қажет. Бұл тек мемлекеттік қызметшілердің ғана емес, әрбір азаматтың міндеті. Қоғамда ашықтық пен заңдылық орнағанда, елдің болашағы жарқын әрі тұрақты болады.

Негізгі қағидалар мен іс-әрекеттер;

1. Адалдық пен жауапкершілік;

Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде жеке мүдделерден гөрі, қоғам игілігін жоғары қоюы керек.

Әрбір қызметші өз іс-әрекеттерінің қоғамға әсерін түсініп, жауапкершілік танытуы маңызды.

2. Заңдылық пен тәртіп: Барлық қызметтер мен іс-әрекеттер заң нормаларына сәйкес жүргізілуі тиіс. Заң бұзушылықтардың алдын алу және ашық бақылау жүйесін құру арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға болады.

3. Ашықтық пен есептілік: Мемлекеттік органдар өз қызметі туралы ақпаратты ашық жариялап, халықтың сеніміне ие болу керек. Қоғамдық бақылау және есептілік механизмдерін енгізу жемқорлыққа қарсы күресте тмімді құрал болып табылады.

4. Білім мен сананы көтеру: Жемқорлықтың зияны туралы ақпаратты халық арасында тарату, оның салдарын түсіндіру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру- жемқорлықпен күрестің маңызды бөлігі. Әлеуметтік желілерде мектептерде, қоғамдық іс-шараларда осындай тақырыптарды көтеру керек.

5. Халықаралық тәжірибе: Әлемдік тәжірибені зерделеп, жемқорлыққа қарсы тиімді шараларды енгізу қажет. Басқа елдерде қолданылып жүрген әдістер мен стандартты өзімізге бейімдеп, елдегі жүйені жетілдіру маңызды.

А.ИСАБЕКОВА,

Әл-Фараби ауданының СЭББ басшысы


Кейінгі: Көптеген