Билік өкілін балағаттаған бұзақы енді заң алдында жауап береді
Түркістан облысы әкімінінің тапсырмасы бойынша карантин кезінде орнатылған блок-посттарда тәртіпке бағынғысы келмеген азаматтар аракідік кездесіп қалып жатады. Сондай бұзақылықтың бірі таяуда Түркістан қаласында тіркелді.
Түркістан ҚПБ ЖПҚ-нің патрульдік полиция инспекторлары облысымызға енгізілген карантинге байланысты Түркістан қаласында орналасқан блок-бекеттерде әрбір өтіп жатқан көліктерді тоқтатып, құжаттарын тексеріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Осындай кезекті қызмет атқару барысында блок-бекетте тұрған полицейлер "Лексус" маркалы автокөлігін тоқтатады. Алайда, көлік жүргізушісі полицейге қарсы түрлі жаман сөздер айтып, балағаттаған. Тәртіп сақшылары жүргізушіден көліктен шығуын, сабырға келуін сұрайды, бірақ тұрғын заңды талаптарға бағынбай, өзінің дөрекі мінезін көрсеткен. Осылайша билік өкілін өз қызметтік міндеттерін атқару барысында қорлап, аузына келгенін айтқан тәртіп бұзушының іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 378-бабының 1 бөлігінде көрсетілген «Билік өкілін қорлау» бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы полицейлері өз кезегінде автокөлік иелеріне жол қозғалысы ережелерін сақтауға, сондай-ақ карантин режиміндегі шектеулерді бұзбауға кеңес береді. Сіздердің саулықтарыңыз үшін қызметте тұрған тәртіп сақшыларына қарсылық танытпауларыңызды ескертеді.