Жастар Абай поэзиясына қанықты
2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұылының 175 жылдық мерейойын мерекелеуді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласындағы 10 өзекті ойға енгізген болатын.
«Адам өмірі тұтасымен түрлі қарым-қатынастардан құралады. Онсыз адам қоғамнан бөлініп қалмақ. Ал қарым-қатынас міндетті түрде өзара жауапкершілікті туғызады. Бұл жауапкершілік қара басының қамын биік қоятын өзімшілдік араласқан кезде бұзылады. Сондықтан Абай: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек»,- деп адамға нұрлы ақыл мен ыстық қайраттан бөлек жылы жүрек керек екенін айтады. Осы үш ұғымды ол үнемі бірлікте қарастырады, бірақ алдыңғы екеуі жүрекке бағынуы керек деп есептейді. Бұл қазақ халқының өмірлік философиясы» - деп келтіреді Президентіміз.
Абайды ұлықтау, өсіп келе жатқан жас жеткіншектердің рухани баюына алып келері хақ. Ақынның 175 жылдығына арналған апталық сонау жыл басынан бастау алған болатын. Қазірдің өзінде Абай тойына арналған 500- ден астам іс-шаралар өткізілді.
Осы орайда Шымкенттегі көрме орталығында Абайдың мерейтойына арналған поэзия кеші өтті. Мәдени іс-шарада ұлы ақынға арналған кітап көрсемі ұйымдастырылды. Көрмеген Абай туралы кітаптар мен естеліктер және ақынның өз шығармалары қойылды. Бұл құндылықтар өз кезегінде оқырмандардың жанына азық болып, санасын оятары сөзсіз.
Сондай-ақ поэзия кешінде шымкенттік жастар ақынның өлеңдерін оқып, поэмаларын талқылады.