Таңы сұлу «Таң сұлу»
Табиғаты тамаша Төле би ауданы облыс аумағындағы туризмнің төресі саналады. Демалушылардың арманына айналған өлкенің туризм саласы соңғы жылдары айтарлықтай дамып келеді. Көптеген замамануи демалыс орындары туристерге жоғары, сапалы қызмет көрсетуде. Солардың бірі Ақмешіт елді мекенінде заманауи "Таңсұлу" демалыс аймағы. Құны 150 млн.теңгені құрайтын нысан 2019 жылы ашылған. Бүгінге дейін мұнда қонақ үзілген емес. Күнінен шамамен 200-ге тарта демалушыларды қабылдай алады. Келушілерге демалыс орны таза табиғат аясында тынығуға мүмкіндік береді.
Таңы расымен де сұлу өлкеде орналасқан туристік нысанда жанға жайлы коттедждер, тапшандар, бассейн бар. Отбасылық демалысты қалайтындар үшін балаларға арналған ойын алаңшасы да салынған. Қызметкерлер мерекелік кешіңіздің әсем де, ұмытылмастай етіп ұйымдастырып береді. Ресми жиындарды өткізуге де қолайлы жағдай жасалған.
Ал асханасы жоғары деңгейде ас әзірлейді. Табиғатпен үндескен мұндай сұлулықты тек қана көзбен көру қажет!
Байланыс телефоны: 87073163006