Рейд барысында 8 жасөспірім полиция бөліміне жеткізілді

Screenshot_8.png

Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Шымкентте кешкі-түнгі рейдтік жұмыстар өтуде. Осы бағытта жастар ресуртық орталығы және полиция қызметкерлері бірлесіп қоғамдық орындарды аралап, бақылау жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында адам көп шоғырланған қоғамдық орындарда, ойын сауық орталықтарында түнгі уақытта заңды тұлғаның еріп жүруінсіз көңіл көтеріп жүрген бірқатар жасөспірім анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша басты мақсат жастарды айыппұл арқалату емес, керісінше түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

"Шараның негізгі мақсаты азаматтарға айыппұл салу емес,жасөспірімдерге түнгі уақытта жүрудің қауіпті екенін, өз құқықтарын біліп жүруге үйрету",- дейді  «Жастар ресурстық орталығы» комуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары  Ерлан Тұрсынбекұлы.

Сондай-ақ, анықталған азаматтардың ата-аналарына жекелей түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тексеру жұмыстарына құзырлы орган өкілдерімен қатар ерікті жастар да атсалысты.Бұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Айта кетейік, жыл басынан бері үшінші мегаполис аумағында 8 рейдік шаралар ұйымдастырылған. Нәтижесінде қоғамдық орындарда тәртіп бұзушылық көрсеткіші төмендеген.