Көпір демеушілер есебінен жөнделеді

6.jpg

Бәйдібек ауданы Шаян ауылындағы Күлтөбе мен Ә.Жылқышиев көшелерін бөліп тұрған каналдың бойындағы тозығы жеткен жаяу жүргіншілер көпірі осы жылдың қыркүйек айына дейін демеушілер есебінен жөнделіп, қалпына келтірілетін болады. Бұл туралы Бәйдібек ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Жуырда аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бағдатбек Жанғазиев аталған жаяу жүргіншілер көпірінің аумағында жөндеу жұмыстарын жүргізуге демеушілік жасап отырған азаматтармен кездесіп, оның қазіргі жағдайымен танысты. Б.Жанғазиев ауыл әкімі мен тиісті бөлімге бірқатар тапсырма жүктеді. Көпір құрылысы тиісті талаптарға сай жүргізілетін болады. 

Демеушілер жаяу жүргіншілер көпіріне жөндеу жұмыстарын осы аптаның ішінде бастауды жоспарлауда. 

Сондай-ақ, Бәйдібек ауданында әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мәселен  Шаян ауылындағы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің жанынан жаңа спорт зал құрылысы басталды. Облыстық бюджеттен қаржысы бөлініп, құрылысы жүргізіліп жатқан спорт залды осы жылдың желтоқсан айының соңына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.

2022 жылдан бастап М.Әуезов атындағы мектептің оқушылары дене шынықтыру сабағын талапқа сай, зәулім, кең спорт залда өтетін болады.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Көпір демеушілер есебінен жөнделеді