Сенаторлар ел аралап жүр

8.jpg

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мем¬лекет» құру тұжырымдамасы. Азамат¬тардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс жә¬не әділ шешім шығару қажет». Былтыр халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деген болатын. 

Жуырда Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барып, аудандағы бірқатар нысандарды аралады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қайнарбұлақ ауылдық округі, Құрлық елді мекеніндегі егіншілікті кәсіп еткен «Малике» шаруа қожалығы алғаш өнімін жақында ғана экспортқа шығарған. Шаруа қожалығының басшылығы 3 гектар жерге өткен жылдың соңында түркиялық агрономдармен бірігіп, бірінші рет қияр еккен. Бүгінде 600 тоннаны құрайтын өнімін жинап үлгерген жылыжайдан жылына екі өнім алуды көздейді. Сондай-ақ, халық қалаулысы  сүт өнімдерін өндіретін «Айкан» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктін аралап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Түркістан облысының аудандарында болып, кездесулер өткізуде. Жергілікті тұрғындардың жай-күйіне қанығып, өзекті мәселелерге қатысты ұсыныс – пікірлерін қаперге алуда.

Сенаторлар Қазақстан Парламенті Сенаты депутаттарының VII шақырылымнан бергі жұмысының нәтижелері туралы Түркістан облысы аудандарының тұрғындарымен кездесуінде айтып берді. Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев өңірге сапары барысында мәслихат депутаттарымен және Шардара, Жетісай және Мақтаарал аудандарының активімен онлайн-кездесу өткізді.

Кездесу барысында мәслихат депутаттары әлі де өз шешімін талап ететін мәселелерді көтеріп, бірқатар ұсыныстар айтты. Олардың қатарында облыстың Шардара және Жетісай аудандарында фермерлерді отынмен және тыңайтқыштармен дер кезінде қамтамасыз ету, сондай-ақ сапалы медициналық қызмет көрсету мәселесі бар.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Сенаторлар ел аралап жүр