Президент Шармановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді

Screenshot_28.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шармановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді, деп хабарлайды Ақорда. 

Еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шармановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін жазушы Илья Жақановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілген.