Зейнеткер дәрігерлерге алғыс айтты
Сарыағаш ауданында амбулаториялық деңгейде үйде медициналық көмек көрсету үшін бірінші реттік медициналық-әлеуметтік көмектің мобильді бригадасы құрылған.
Сарыағаш қаласының тұрғыны, зейнеткер Хидиров Жайлау Рахымұлы көптеген адамдар сияқты аурудың алғашқы белгілері байқалғанда өз бетінше емделген. Науқастың сырқаты күн өткен сайын нашарлаған, сонымен қатар әйелі Кадирова Назик Мустафақызының да денсаулығы сыр беріп, қатар ауырған. Бірақ көп ұзамай сырқатты медициналық көмексіз жеңе алмайтынын түсінген.
«Мен он күн бойы үйде емделдім. Содан кейін ғана жедел жәрдем шақыруға шешім қабылдадым. Мені осы ауруханаға алып келіп, алты күн ішінде емдеп, төсектен тұрып қайта қозғалып жүріп, ем қабылдауымды жалғастырудамын. Дәрігерлеріме, барлық медицина қызметкерлеріне алғысым шаксіз. Өздеріне төнген қатерге қарамастан басқалардың өмірін сақтап қалғандарыңыз үшін рахмет! Бізде осындай жауапкершілікті, адам жанына араша болатын білікті де білімді мамандардың барына қуаныштымын, алғысым шексіз!» – дейді Хидиров Жайлау Рахымұлы.